DOI:
Ключові слова
әділеттілік, сабақтастық, мәдениет, әлем, руханилық, тұлға.
Мақалада ортағасырдағы классикалық ислам философиясының көрнекті өкілі Әбу Әли ибн Синаның дүниетанымындағы тұлғаның рухани кемелденуі, ізгілік, әділеттілік, адамгершілік және т.б.моральдық-этикалық қырлар айшықталады. Ибн Сина Аристотель мен әл-Фараби философиялық көзқарастарын дамыта отырып, өзінің күрделі философиялық пайымдауларын қалыптастырды. Оның философиялық ой-пікірлерінің өзіндік ерекшеліктері тарихи сабақтастықтағы терең ойлаудың көрінісі болды. Әл-Фарабидің көзқарастарымен астасып жатқан Ибн Синаның дүниетанымында ақыл-ой, ізгі қала, әділеттілік, мемлекет туралы, әділетті ел билеушінің болмысы, ел билеуші мен бағыныштылар арасындағы әділетті қарым-қатынастар және т.б. ойлары сараланады. Ибн Синаның әлеуметтік-этикалық көзқарастарындағы жан, тән, рухани кемелдену, ізгілікке жету тағы басқа әлеуметтік тұрғыдағы идеялары басты назарға алынып, оның Шығыстық ислам өркениетіне, адамзаттың рухани құндылықтарын дамытуға қосқан үлесі айшықталады.