DOI:
Ключові слова
еркіндік, рефлексия, жаттану, өзіне жаттану, заттау, жеке жанның екіге бөлінуі, Меннің жарылуы, жалған құндылық, жекелік пен жекеліксіз.
Мақалада жаттану проблемасы, оның адамның мәнділік негізін құрайтын тұтастығын, субъектінің құрылысын бұзатын және адамның мәнділігі екіге жарылып, субъектінің деструкциясын туғызатын процесс. Еркіндік – адамның ешбір сыртқы себептіліктен, жағдайлармен, ешбір сыртқы күштермен әрі өзін қоршаған ортамен алдын ала анықталмағандығы. Ол – адамның кім, қандай болатындығын қалыптасу, даму жолында өз өмірінде түбінде тек өзі анықтайтындығы немесе анықтамайтындығы. Ал жаттанудың экономикалық өмірде, басқа салаларда көрінуі қалай? Мұнда адамдардың өзі заттардың көріну заттардың, яғни өз жасаған кұштердің өкілі болып турады. Жаттану, яғни өңі айналған дүние. Адамдардың өз дүниесінің өзіне өгейленуі. Жаттану субъект–объект қатынастарды теріс айналдарып, иррационалдық логика туғызып, Фрейд ашқан субъектінің ішкі екіге бөлінуіне алып келеді.