DOI:
Ключові слова
мәдениет, құндылық, бренд, фактор, мәдени зерттеу
Қоғамдағы рухани деградация мәселелерін талдау мәдени, әлеуметтік, экономикалық және психологиялық аспектілер сияқты түрлі факторларды қамтитын көп өлшемді көзқарасты қажет етеді.
Сондықтан бұл зерттеу қоғамның рухани деградацияға ұшыраған тұстарын, оған ықпал ететін факторларды, ұлттық психологиясында жағымсыз әдеттерді зерделей отырып, қоғамдағы өзгерістерді сандық талдау әдістеріне сүйене отырып талдайды.
Сауалнама алу арқылы қоғамдағы өзгерістерді талдау түрлі әлеуметтік көрсеткіштер бойынша деректерді жинау арқылы жүргізілді. Бұл статистикалық деректерді, экономикалық көрсеткіштерді және әлеуметтік көрсеткіштерді қамтыды. Сонымен қатар, қоғамдағы рухани деградацияның динамикасына құнды түсініктер бере отырып, түрлі әлеуметтік топтар арасындағы мәдени өзгерістерді бақылай алды.
Бұл бақылау Қазақстанның оңтүстік өңірлері азаматтарының рухани деградацияға қатысты қоғамдағы көзқарастар мен ұстанымдардың сәйкес келмеген жағдайда шиеленіс деңгейінің артуы дәрежесін анықтауға қажет болды.
Осы арқылы қазіргі таңда қазақ қоғамындағы қоғамдық сана мәселелерін және рухани деградацияны терең түсінуді көздейді. Сонымен қатар, ғылыми дискурсқа үлес қоса отырып, анықталған мәселелерді шешуге арналған ұсыныстар берілді.