ФИЛОСОФИЯ: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН

Ш.Ш.Уәлиханов әлеуметтік қақтығыстардың табиғаты мен себептері туралы

Том 101 № 3 (2024), ФИЛОСОФИЯ: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН
Том 101 № 3 (2024)
2024-09-27 Көрілім саны: 13
Раушан Абдильдина
Казахстанский филиал МНУ имени М.В.Ломоносова e-mail: rabdildina@gmail.com

Ключові слова

тарихи процесс, әдіснамалық көзқарас, әлеуметтік конфликт, әлеуметтік қайшылық, адамдар, билік, объективті және субъективті факторлар

Анотація

Ш.Уәлихановтың шығармашылығы қазақтардың және басқа да шығыс халықтарының өмірі мен рухани мәдениеті туралы тарихи-этнографиялық, географиялық, экономикалық мәліметтердің, материалдардың құнды көзі ретінде танылған. Осы орайда оның еңбектерінің қоғамдық құбылыстарды, олардың астарында жатқан себептерін, атап айтқанда, әлеуметтік қақтығыстар мен қайшылықтарды зерттеудегі үлкен әдіснамалық мәні көлеңкеде қалып,  әрқашан анық түсініле бермейді.

Ғалым қолданған әдістемелік тәсілдер құбылысты тереңірек және ғылыми талдауға мүмкіндік береді. Ш.Ш.Уәлихановтың пікірінше, әлеуметтік қайшылықтардың, халық көтерілістерінің, наразылықтардың себебі – объективті және субъективті факторлардың бірлігі. Тек объективті факторлар болған жағдайда – қиын экономикалық өмір жағдайлары тудырған халықтың нақты наразылығы, саяси мәселелерді шешудегі әділетсіздік, субъективті фактормен үйлескенде – халықтың наразылығын білдіруге және халықты басқаруға қабілетті көшбасшылар, әлеуметтік қақтығыстар, халық көтерілістері объективті әлеуметтік қайшылықтардың шешімі ретінде туындайды.

Як цитувати

Абдильдина, Р. (2024). Ш.Ш.Уәлиханов әлеуметтік қақтығыстардың табиғаты мен себептері туралы. Адам әлемі, 101(3), 3–13. https://doi.org/10.48010/aa.v101i3.559