ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

ДІНИ ҰЛТШЫЛДЫҚ: ПОСТКЕҢЕСТІК КЕҢІСТІК ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

Том 100 № 2 (2024), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 100 № 2 (2024)
2024-06-27 Көрілім саны: 129
Мурат Насимов
Кызылординский университет "Болашак"
Ботагөз Паридинова
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті e-mail: filosof.sokrat.86@mail.ru

Ключові слова

Анотація

Діни ұлтшылдық белгілі бір географиялық аймақ пен қауымдастық шегінде діни бірегейлік пен ұлттық бірегейлік арасындағы тығыз байланысты орнатуға және сақтауға ұмтылатын саяси идеология. Діни ұлтшылдық белгілі бір дін мен діни дәстүрлер ұлттың мәдени және тарихи өзіндік ерекшелігінің ажырамас бөлігі ғана емес, ұлттық мемлекетті анықтау мен ұйымдастырудың іргелі негізі болып табылады деген сеніммен сипатталады. Осы тұжырымдарға сәйкес бұл мақалада діни ұлтшылдық түсінігіне қатысты посткеңестік ғалымдардың зерттеулеріне мән беріледі. Жалпы діни ұлтшылдық ұғымын тек отандық зерттеушілер ғана емес, посткеңестік кеңістік ғалымдары да аз зерттеп жүр. Web of Science Core Collection базасында «religious nationalism» кілт сөзі арқылы іздеу барысында отандық ғалымдар жүргізген зерттеулерді мүлдем таба алмадық. Посткеңестік кеңістік ғалымдары арасында бұл ұғымды қолданған 9 зерттеу жұмысын таптық. Мақаланың негізгі бөлімінің бірінші бөлігінде ресейлік ғалымдар зерттеулеріне сипаттама жасалады. Екінші бөлігінде армениялық және литвалық ғалымдар зерттеулеріндегі көзқарастарға талдау жүргізіледі. Нәтижесінде бір ел авторларының және өзге ел ғалымдарымен бірлескен авторлық жұмыстар ішінен ресейлік ғалымдардың 6, литвалық ғалымдардың 2 және армениялық ғалымдардың 1 зерттеуіне ерекше мән бердік. Ресейлік ғалымдар өз еліндегі діни ұлтшылдық мәселелерін 4 мақалада, армениялық ғалымдар 1 мақалада назар аударады. Литвалық ғалымдар болса, Шығыс және Орталық Еуропадағы мәселелерді талдайды. Мақалада посткеңестік кеңістік ғалымдарының діни ұлтшылдықты аз зерттеуінің бірнеше себептері айқындалды. Діни ұлтшылдықты түсінудің кейбір өзекті мәселелеріне тоқталдық. Сонымен қатар, ғалымдар зерттеулерін жүйелеу барысында бірнеше ортақ көзқарастардың бар екендігі анықталды.

Як цитувати

Насимов, М., & Паридинова, Б. (2024). ДІНИ ҰЛТШЫЛДЫҚ: ПОСТКЕҢЕСТІК КЕҢІСТІК ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ. Адам әлемі, 100(2), 128–140. https://doi.org/10.48010/aa.v100i2.560