САЯСАТ. ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ

ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ДИСКУРСЫ

Том 99 № 1 (2024), САЯСАТ. ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ
Том 99 № 1 (2024)
2024-03-31 Көрілім саны: 69
Мейрамкул Исаева
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты e-mail: miraisa777@gmail.com
Назгул Исабаева
Биналы Йылдырым Университеті
Салтанат Шимаева
Сәтбаев Университеті
Дина Ешпанова
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты

Ключові слова

ақпараттық қоғам, цифрландыру процессі, Түркі Мемлекеттері Ұйымы, Цифрлық Түркі Әлемі, Қазақстан, Ақпараттық Доктрина

Анотація

ХХІ ғасыр – ақпараттық қоғам деген атаумен атала басталды. 1950-1970-шы жылдары техниканың, компьютердің қарқынды дамуы қоғам дамуы жаңа бір сатыға көтерді. Ақпараттық қоғам атауы ғылымда түрлі атаулармен белгілі: постиндустриялды қоғам, “ағартушы қоғам”, “қауіп қатер қоғамы”, “посткапиталистік қоғам” және т.б. Индустриялдық қоғамның құндылық өлшем материалдық сипатта болса, ақпараттық қоғамда басты құндылық – ақпарат болып табылады. “Техникаландырылған” және “ақпараттандырылған” сипаттағы қоғамның бұл түрінде “цифрландыру” процесінің көрініс табуымен сипатталады.
Мақаламызда ақпараттық қоғам теориялары, цифрландыру ұғымы және процессі және Түркі Мемлекеттері Ұйымына мүше мемлекеттердің цифрандыруға байланысты жобалары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, Түркі Мемлекеттері Ұйымына мүше бес мемлекеттің (Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия) ақпараттық қоғам шартында ақпараттық кеңістік қызметтерінің мүмкіндіктерін қолдану және қоғамның түрлі салаларындағы цифрландыруға байланысты бағдарламалар, доктриналар, тұжырымдамалар және жобалары баяндалды. Сондай-ақ, аталған елдердің ақпараттық кеңістікте өзара интеграциялануына қатысты халықаралық стратегиялық бағдарламаларға да тоқталдық.

Як цитувати

Исаева, М., Исабаева, Н., Шимаева, С., & Ешпанова, Д. (2024). ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ДИСКУРСЫ. Адам әлемі, 99(1), 73–81. https://doi.org/10.48010/aa.v99i1.572