САНДЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ САЯСАТ ПЕН МӘДЕНИЕТ

Цифрландыру жағдайындағы қазақстандағы билік пен қоғам арасындағы саяси байланыс ерекшеліктері

Том 101 № 3 (2024), САНДЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ САЯСАТ ПЕН МӘДЕНИЕТ
Том 101 № 3 (2024)
2024-09-27 Көрілім саны: 37
Айгерим Жунусова
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Динара Ниеткалиева
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті e-mail: issengeldina.di@gmail.com

Ключові слова

саяси коммуникация, әлеуметтік желілер, билік, наразылық әлеуеті, интернет.

Анотація

Заманауи технологиялардың дамуымен билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынас уақыт өте цифрлық форматқа ауысуда. Кері байланыс мүмкіндіктері кеңейіп, азаматтардың онлайн қатысу түрлері көбейіп, қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің ықпалы күшейе түсуде. Бұл биліктің бейнесі мен саяси коммуникация сапасының өзгеруіне әкеледі. Сондықтан мақаладағы негізгі зерттеу сұрағы – цифрлық мүмкіндіктер қазақстандықтардың саяси қабылдауына қалай әсер ететіндігі болып табылады. Саяси коммуникация жөніндегі теориялық жұмыстар мен қолданбалы зерттеулер сарапталып, саяси коммуникациядағы цифрлық құралдардың енгізілуі талданды, қоғамдық пікір мен саяси қатысуды қалыптастырудағы дәстүрлі және заманауи бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенімнің рөлі көрсетілді. Зерттеудің негізі ретінде сандық және сапалық қосалқы деректерді талдау және түсіндіру әдісі пайдаланылды. Жүргізілген зерттеу азаматтардың ақпараттық қажеттіліктері мен құндылықтарын көрсетеді: мемлекеттік билікке қатысты объективті ақпаратқа оңай қол жеткізу; оқиғалар туралы ақпаратты ыңғайлы форматта жедел алу; демократиялық «көлденең» коммуникациялық байланыстарды құру; интернет арқылы дауыс беру және өз пікірін білдіру мүмкіндіктерін кеңейту; факт-чекингті тиімді пайдалану.

Як цитувати

Жунусова, А., & Ниеткалиева, Д. (2024). Цифрландыру жағдайындағы қазақстандағы билік пен қоғам арасындағы саяси байланыс ерекшеліктері. Адам әлемі, 101(3), 88–101. https://doi.org/10.48010/aa.v101i3.599