DOI:
Ключові слова
деструктивтілік, экзистенция, дін, психология, адамзат, жеке тұлға, онтология.
Адамның бүкіл өмірі – адамшылыққа ұмтылудан тұрады. Адамның деструктивтілігі адам санатына ену және адами қасиетке жатпайтын арасындағы аралық жағдайы болғандықтан, адамның деструктивтілігінің орны оларды бөліп, бір уақытта байланыстырады, бұл өз кезегінде: адамгершілік пен адамгершіліктен тыс әрекеттер екеуі бір-бірін анықтай келе бір-бірінен тәуелсіз өмір сүрмейді, бір-бірімен бірге жүреді және өзара негізделеді, ал адамның деструктивтілігі - бұл адамның көбеюі, оның әртүрлілігін көбейту және жаңарту нәтижесінде пайда болатын негіз «нүктесі» болып табылады. Қазіргі ғарышнамамен айтарлықтай ретсіз орта ретінде қарастырылып отырған әлем бірегей болуын тоқтатпады: «реттілік пен ретсіздік біртұтастылықтың екі аспектісі ретінде қатар өмір сүреді». Әлем бірегей, бірақ тұрақсыз. Заттардың деструктивтілігі әлемнің тұрақсыздығының тікелей салдары болып табылады, тіпті объектілердің макро масштабты мінез-құлқына әсер ететін микро деңгейдегі «кішігірім ауытқулардың» өзі деструктивті көрініс алуы мүмкін. Әрбір сипаттамада түсінілетін тұрақсыздық әлемдегі жүріп отырған процестерді айтарлықтай қиындата отыра әртараптандырады, сонымен қатар әлемді көп бағытты, өзгермелі етеді.