DOI:
Ключові слова
«түсті революциялар»
саясат
Таяу Шығыс
Орталық Азия
Қазақстан
Сирия
Бұл мақалада Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдеріндегі діни факторды ескере отырып, саяси процестерді талдауға әрекет жасалды. Қазақстандық қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін түрлі процестердің алдын алу үшін Сириядағы ағымдағы діни және саяси жағдайға талдау жүргізілді. Ғылыми және сараптамалық қауымдастық үшін модернизациялық трансформацияларының үлгілері, аймақтағы елдерді демократияландыру және либералдандыру, оларда саяси және экономикалық реформалар жүргізу сияқты проблемалық мәселелер әлі де үлкен қызығушылық тудырады. Осы мәселелер аясындағы даму жүйелері, рәсімдері, тетіктері, жолдары мен тәсілдері Орталық Азия өңірі үшін ғана емес, Таяу Шығыс елдері үшін де жақсы таныс қоғамның тұрақсыздануының туындау себептерін анықтаудың іргелі маркерлері болып табылады.
Зерттеудің мақсаты – қоғамның тұрақсыздануын ынталандыратын геосаяси стратегиялардың, діни және мәдени факторлардың қалай тоғысатынына көрсете, ортақ және алшақтықтарды анықтау. Дін саласындағы сириялық тәжірибені талдауды ескере отырып, Қазақстан үшін нақты ұсыныстар келтірілген.