ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СОПЫЛЫҚ: ТАРИХЫ МЕН СИПАТЫ

Том 100 № 2 (2024), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 100 № 2 (2024)
2024-06-27 Көрілім саны: 108
Құрманбек Қасымхан
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Еңлік Қасабекова
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты e-mail: enlik78@rambler.ru

Ключові слова

Қазақстандағы сопылық бағыты, сопылық, Қожа Ахмет Ясауи, Нақшбанди, тасаууф, ислам, тариқат

Анотація

Бүгінгі таңда Қазақстанда ислам тақырыбы өзекті мәселелер-дің бірі. Елдегі діни мәселелердің терең тамырларын ескере отырып, қазіргі Қазақстандағы діни процестерді бағдарлауға болады және мемлекеттің бейбітшілігі мен тұтастығын сақтау мен Қазақстан халқын діни негіздегі қақтығыстардан арылту үшін қай бағытта қозғалу керектігі жайында қоғамда жаңа тетіктер іске қосылуы қажет.
Бүгінгі таңда сопылықтың пайда болу тарихы мен мәселелері және оның онтологиялық табиғаты және қазіргі әлемдегі рөлі гуманистік дүниетанымды дамытатын негізгі ой мектебі болып табылады. Сопылық феноменінің жан-жақтылығы мен оның әртүрлілігі ерекше қайшылықтарды тудырады. Сондықтанда мақаланың негізгі мақсаты Қазақстандағы «сопылық» бағыттың даму тарихын тереңірек талдау болып табылады. Назарларыңызға ұсынылып отырған мақала Исламның маңызды бағыттарының бірі – Қазақстандағы сопылық бағыттың таралуы, оның негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін талдауға арналған.

Як цитувати

Қасымхан, Қ., & Қасабекова, Е. (2024). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СОПЫЛЫҚ: ТАРИХЫ МЕН СИПАТЫ. Адам әлемі, 100(2), 141–150. https://doi.org/10.48010/aa.v100i2.613