САНДЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ САЯСАТ ПЕН МӘДЕНИЕТ

Қазақстанда қазіргі жастардың саясатқа араласуы: АКТ мен әлеуметтік медияның рөлі

Том 101 № 3 (2024), САНДЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ САЯСАТ ПЕН МӘДЕНИЕТ
Том 101 № 3 (2024)
2024-09-27 Көрілім саны: 36
Нүркен Айтымбетов
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты e-mail: aitymbetov_nurken@mail.ru
Дина Қызырбек
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Ключові слова

Қазақстан жастары, саяси белсенділік, әлеуметтік медиа, ақпараттық технологиялар, саяси қатысу, цифрлық коммуникация, қоғамдық пікір.

Анотація

Мақалада ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен әлеуметтік медианы пайдалануымен байланысты Қазақстан жастарының саяси белсенділігінің артуы талданады. Зерттеу 2023 жылы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша өткізілген «Қазақстан жастары» әлеуметтік зерттеуінің деректеріне негізделген. Сауалнамаға 18-ден 35 жасқа дейінгі 2000 жас қатысты. Мәліметтер сандық әдістермен, оның ішінде дескриптивті статистика мен инференциалды талдау әдістерімен өңделді.
Нәтижелер көрсеткендей, жастардың едәуір бөлігі саяси ақпарат алу және саяси пікірталастарға қатысу үшін әлеуметтік медианы белсенді пайдаланады. Дегенмен, ақпараттық технологиялар саяси өмірге қатысу үшін жаңа мүмкіндіктер берсе де, жалған ақпараттардың таралуы және қоғамдық пікірмен манипуляция жасау сияқты белгілі бір тәуекелдер бар. Зерттеу нәтижелері негізінде медиа сауаттылық бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жастардың саяси процестерге белсенді қатысуы үшін платформалар құру ұсынылды. Зерттеу әлеуметтік медианың жастардың саяси белсенділігіне әсерін әрі қарай талдаудың және саяси тәуекелдерді азайту шараларын әзірлеудің қажеттілігін атап көрсетеді.

Як цитувати

Айтымбетов, Н., & Қызырбек, Д. (2024). Қазақстанда қазіргі жастардың саясатқа араласуы: АКТ мен әлеуметтік медияның рөлі. Адам әлемі, 101(3), 125–131. https://doi.org/10.48010/aa.v101i3.627