САНДЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ САЯСАТ ПЕН МӘДЕНИЕТ

Цифрландыру жағдайындағы қоғамының саяси институттарының трансформациялануы

Том 101 № 3 (2024), САНДЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ САЯСАТ ПЕН МӘДЕНИЕТ
Том 101 № 3 (2024)
2024-09-27 Көрілім саны: 22
Байжол Карипбаев
Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті
Анара Макатова
Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті
Татьяна Резвушкина
Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті e-mail: rezvushkina_t78@mail.ru

Ключові слова

цифрландыру, саяси институттар, саяси қатысу, цифрлық бюрократия, цифрландырудың мемлекеттік стратегиялары, цифрлық платформалар, саясатты жекелендіру, цифрлық мобильділік.

Анотація

Зерттеудің өзектілігі барлық заманауи қоғамдарда белсенді түрде жүзеге асырылатын цифрландырудың қарқынды процесі қоғамның барлық іргелі институттарына: саясатқа, экономикаға, отбасына, білімге, медицинаға және т.б. әсер етуімен осы процестің салдары жайлы сұрақтарды туғызады. Мақалада азаматтардың саяси қатысуы, Азаматтық бастамалар платформалары, әлеуметтік желілер және олардың сайлау процесі мен қолданыстағы цифрлық теңсіздікке әсері сияқты салаларды қозғайтын саяси институттарды цифрландыру процесі қарастырылады. Цифрландыру процесінің саяси салаға әсері зерттеулердің аралас нәтижелері бар әлі де нашар зерттелген білім саласы болып табылады.
Авторлар қоғамның барлық салаларын белсенді цифрландырылуы осы процестің салдары, оның саяси институттарға әсері маңызды сұрақтар туғызады деп санайды. Зерттеулердің аралас нәтижелеріне қарамастан, авторлар саясатты цифрландырудың екі қарама-қайшы аспектісін анықтайды: азаматтардың ашықтығы мен қатысуын арттыру мүмкіндігі, сондай-ақ манипуляциялар мен «цифрлық бюрократтардың» жаңа тапты қалыптастыру қаупі. Осыған байланысты мақала ағымдағы трендтерді түсінуге және саяси салада өзінің цифрландыру стратегиясын әзірлеуге шақырады. Зерттеудің мақсаты мен жаңалығы: 1. Бір жағынан, цифрландыру процесі мемлекеттік басқару органдарын транспарентті етеді, саяси пікірталасты демократияландырады, ақпа-ратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді және азаматтық қоғамның саяси қызметке цифрлық қатысуына жағдай жасайды.

Як цитувати

Карипбаев, Б., Макатова , А., & Резвушкина, Т. (2024). Цифрландыру жағдайындағы қоғамының саяси институттарының трансформациялануы. Адам әлемі, 101(3), 132–143. https://doi.org/10.48010/aa.v101i3.630