ФИЛОСОФИЯ: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН

ТҰЛҒАНЫҢ РУХАНИ ҚАЛЫПТАСУЫ: ЕРКІНДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ

Том 101 № 3 (2024), ФИЛОСОФИЯ: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН
Том 101 № 3 (2024)
2024-09-27 Көрілім саны: 29
Гүлнар Нүсіпова
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты e-mail: gul14@list.ru
Гаухар Барлыбаева
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты
Ұлбосын Аймбетова
Қазақ ұлттық хореография академиясы

Ключові слова

адам, индивид, индивидуум, даралық, тұлға, еркіндік, жауапкершілік, қоғамның қайта пішімделуі

Анотація

Мақалада қазіргі қоғамдағы тұлғаны қалыптастырудың маңызды қырлары қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі қазіргі өркениеттің жедел дамуы мен қоғамдағы қарқынды әлеуметтік-мәдени өзгерістер тұлғаның рөлін арттыруда және оның мақсаты – еркіндік пен жауапкершіліктің арақатынасы призмасы арқылы тұлғаның рухани қалыптасу процесін зерттеу. Бұл мәселеге негізгі теориялық тәсілдер, сонымен қатар адам бойындағы осы қасиеттерді дамытуға байланысты практикалық қырлары қарастырылады.
Еркіндікті адам болмысының имманентті негізі және өзін-өзі тану ретінде түсіну «еркіндік» және «жауапкершілік» ұғымдарының семантикалық кеңістігін кеңейтіп, тұлғаның даму процестерін жаңаша түсінуге мүмкіндік береді. Тұлғаның қоғам алдындағы еркіндігі мен жауапкершілігі бір-бірімен қалай байланысты? Еркіндік – таңдау және әрекет ету құқығы, бірақ ол қоғамның мүдделерімен шектеледі. Жауапкершілік – тұлғаны сақтаудың өзіндік қорғаныс механизмі. Тұлға жаңа тәуекелдердің әсеріне жауапты, сондықтан жеке таңдау қажеттілігі артады. Мақалада тұлғаның дағдарысы мен күйреуін болдырмайтын жауап-кершілік, тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар, мінез-құлықтар қарастырылады. Бұл қазіргі қоғамның қайта пішімделу жағдайында жеке тұлғаның қалыптасуындағы күрделі қатынастарды жақсы түсінуге көмектеседі.

Як цитувати

Нүсіпова, Г., Барлыбаева, Г., & Аймбетова, Ұ. (2024). ТҰЛҒАНЫҢ РУХАНИ ҚАЛЫПТАСУЫ: ЕРКІНДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ. Адам әлемі, 101(3), 45–54. https://doi.org/10.48010/aa.v101i3.635