ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

ИСЛАМ ҚҰҚЫҒЫ АЯСЫНДА МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ ДІНИ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ТҮСІНІГІ

Том 102 № 4 (2024), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 102 № 4 (2024)
2024-12-25 Көрілім саны: 16
Балжан Мелисова
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті e-mail: b.melissova@gmail.com
Алий Альмухаметов
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті
Азамат Жамашев
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті
Гульназ Алаева
Тұран университеті

Ключові слова

Assets, Property, Intellectual Property, Society, Islamic Law, Religion

Анотація

Мақалада ислам дінідегі зияткерлік меншік түсінігі діни тұрғыдан сипатталды. Зияткерлік меншік ислам құқығы тұрғысынан қарастырылып, интеллектуалды меншік құқықтарын құрайтын авторлық құқыққа қатысты ислам құқығындағы ғалымдардың көзқарастары зерттелді. Білім адамға тек материалдық емес, өзге де артықшылықтарды беретін дәуірде, зияткерлік меншік мәселесі жеке және қоғамдық деңгейде дамудың негізгі қағидасына айналып отыр. Зияткерлік меншік ақыл-ойдың нәтижесінде пайда болатын, белгілі-бір объектілерге иелік етуді білдіреді. Бұл тақырып ақпарат дәуірінде аса өзекті болып, әр елдің мәдени және экономикалық дамуының негізгі факторы ретінде қарастырылуда. Зияткерлік меншік тақырыбы дінтану, философия, құқық, әлеуметтану, халықаралық қатынастар және өзге салаларда кеңінен талқыланып, қазіргі таңда мұсылман қоғамы үшін де маңызды тақырыптардың біріне айналуда. Зерттеу барысында интеллектуалдық меншікке қатысты көзқарастар, оның тарихы мен дамуы, сондай-ақ қазіргі заманғы түсінікпен салыстырғанда ерекшеліктері талданды. Зияткерлік меншік, оның ішінде авторлық құқық, ислам құқығында жеке меншік құқығының бір түрі ретінде қарастырылатыны туралы анықталды. Зерттеудің мақсаты ислам құқығындағы зияткерлік меншік түсінігін тереңірек талдап, оның заманауи құқықтық жүйелермен үйлесімділігі мен айырмашылықтарын анықтау болды.

Як цитувати

Мелисова, Б., Альмухаметов, А., Жамашев, А., & Алаева, Г. (2024). ИСЛАМ ҚҰҚЫҒЫ АЯСЫНДА МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ ДІНИ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ТҮСІНІГІ. Адам әлемі, 102(4), 134–142. https://doi.org/10.48010/aa.v102i4.639