ФИЛОСОФИЯ МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ТҮРІК ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ СПОРТ ӨНЕРІНІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Том 102 № 4 (2024), ФИЛОСОФИЯ МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Том 102 № 4 (2024)
2024-12-25 Көрілім саны: 16
Берік Аташ
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Ізгілік Ахметов
Рединг университеті
Әсет Құранбек
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті e-mail: akuranbek@gmail.com
Нұргүл Тәттібек
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Ключові слова

спорт
ұлттық спорт
түрік халқы
түркілік мәдениет
жетілген тұлға
еркіндік

Анотація

Бұл мақалада түрік халықтарының дәстүрлі мәдениеті мен діни сенімдерінің қазіргі спорттың дамуына ықпалы туралы баяндалады. Ұлттық спорт өнерінің қалыптасуының кезеңдері көрсетіледі: алғышарты, Бастауы, үдерістің кеңеюі, үдерістің коммуникациясы, мегаүдерістер. Спорттың ұлттық рухани тамырлары: миф, діни сенімдер, әдет-ғұрып пен салт-дәстүр, жауынгерлік идеология арнайы кесте түрінде ұсынылады және әрқайсысына жеке-жеке талдаулар беріледі. Жауынгерлік идеология соғыс өнері, эпостық тұлға, елін қорғау т.б. түрінде ажыратылып, оның қазіргі спорт түрлеріне ықпалы мәдениеттанулық, философиялық тұрғыдан талданады. Мұндағы батыр тұлға қалыптастыру, түптеп келгенде, физикалық жағынан шыныққан адам тәрбиелеуді басты орынға шығаратындығы көрсетіледі. Спорттағы бәсекеге түсудің өзі түрік халықтарындағы жекпе-жекпен байланысты, оның да жаттығу алаңы, сәйкесінше, спорттық жаттығуларға да сай келіп отырғандығы талданады. Түркілік эпостардағы батыр тұлға, жауынгерлік өнердің жаттығу мен қазіргі спортшы тұлға дайындау салыстырып көрсетіледі. Әдет-ғұрып пен салт-дәстүр элементі болып табылатын, оның құрамына енетін ұлттық ойындардың өзі кейінгі кездері ұлттық спортқа айналғандығы талданады. Сондай-ақ географиялық орта, көшпелі өмір салты әрбір түрік ұрпақтарын «эксперимент алаңында» тәрбиелеген сияқты болатындығы туралы тұжырым жасалады.

Як цитувати

Аташ, Б., Ахметов, І., Құранбек, Ә., & Тәттібек, Н. (2024). ТҮРІК ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ СПОРТ ӨНЕРІНІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. Адам әлемі, 102(4), 40–51. https://doi.org/10.48010/aa.v102i4.646