САЯСАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Постколониялық кезеңдегі ислам және ұлттық құрылыс саясаты: салыстырмалы талдау

Том 103 № 1 (2025), САЯСАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Том 103 № 1 (2025)
2025-03-31 Көрілім саны: 238
Дамира Сихимбаева
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты
Ермек Токтаров
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты
Динара Жанабаева
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты e-mail: dinara.jan@bk.ru

Кілтті сөздер

ислам, саясат, ұлтшылдық, колониализм, исламдық бірегейлік, дезинтеграция

Аңдатпа

Ұлт қалыптастыру контекстінде діннің интеграциялық және дезинтеграциялық функциялары көрініс табаді. Осыған байланысты, кейбір ұлтты зерттеуші ғалымдардың бақылауы бойынша ислам діни-идеологиялық жүйе ретінде ұлтшылдық және ұлт қалыптастыру саясатына сәйкес келмейді. Алайда, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, дін мен ұлттық мемлекеттің өзара қатынасы көптеген факторларға, соның ішінде белгілі бір мемлекеттің тарихи, әлеуметтік-мәдени, саяси және идеологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Осы феномендердің өзара әрекеттесуі жоғарыда аталған факторларға байланысты қақтығысты немесе кооперативті сипаттарға ие болуы мүмкін. Осы мақалада авторлар ислам мен ұлтшылдықтың өзара әрекеттесуін, сондай-ақ мұсылман елдеріндегі постколониялық кезеңдегі ұлттық құрылыс үлгілерін талдауға тырысады.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Сихимбаева, Д., Токтаров, Е., & Жанабаева, Д. (2025). Постколониялық кезеңдегі ислам және ұлттық құрылыс саясаты: салыстырмалы талдау. Адам әлемі, 103(1), 90–100. https://doi.org/10.48010/aa.v103i1.657