ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Қазақстандық қоғамындағы исламдық бірегейлігінің қалыптасуы: ерекшеліктері, әмбебаптығы және диалогизмі

Том 102 № 4 (2024), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 102 № 4 (2024)
2024-12-25 Көрілім саны: 19
Жанара Турганбаева
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты e-mail: zhanara0890@mail.ru
Наталья Сейтахметова
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты

Ключові слова

ислам
исламдық бірегейлік
қазақстандық қоғамы
этномәдени код
исламдық диалогизм
Ханафи мәзһабы
мәдени Басқа

Анотація

Бұл мақалада қазіргі жағдайда толеранттылық пен мәдениетаралық диалогтың маңыздылығына тоқталып, Қазақстандағы ислам бірегейлігінің диалогтық әлеуетін жан-жақты талдау қарастырылған. Зерттеліп отырған тақырыптың жаңалығы – тұлғаның тұрақтылығы рухани қауіпсіздік пен прогрессивті рухани дамудың тұрақтылығымен анықталатын көпконфессиялық қоғамның қалыптасқан тарихи шындықтарымен үйлесетін исламдық бірегейлік үлгілерін қарастыруда. Мұсылман болудың не екенін ұғыну, еліміздің шындығына сәйкес келетін исламдық бірегейлік үлгісін жасау – шешімін күтіп тұрған міндет. Зерттеудің міндеттері – қазақстандық исламдық бірегейлікті сақтау тетіктерін талқылау, ұлттық тарихи-мәдени даму барысында бекітілген және ассимиляцияланған аксиологиялық бірлік ретінде әрекет ететін мәдени әртүрлілік ұлттық концепциясының осы тұрғыдағы маңыздылығын анықтау. Зерттеудің мақсаты – исламдық бірегейліктің отандық моделінің өмір сүру формаларын, сондай-ақ оны сақтау жолдарын зерттеу. Бұл зерттеудің практикалық маңыздылығы зайырлылық жағдайында өміршең исламдық сәйкестік моделін құру мәселесін шешуге бағытталған ғылыми дискурсты әзірлеуде жатыр. Мақалада исламдық герменевтика, діни типология, исламдық салыстырмалы зерттеу әдістері қолданылды. Авторлар этникалық дәстүрдің шынайылығы қазіргі заманғы шындыққа сай және қазақ этникалық дәстүрінің тарихи қалыптасқан моральдық-этикалық нұсқауларына сәйкес келетін исламдық бірегейліктің отандық моделін саналы, мақсатты концептуализациялау арқылы сақталады деген қорытындыға келеді.

Як цитувати

Турганбаева, Ж., & Сейтахметова, Н. (2024). Қазақстандық қоғамындағы исламдық бірегейлігінің қалыптасуы: ерекшеліктері, әмбебаптығы және диалогизмі. Адам әлемі, 102(4), 152–160. https://doi.org/10.48010/aa.v102i4.661