DOI:
Ключові слова
ақпараттық қоғам, құқықтық сана, құқықтық мәдениет, ақпараттық технология, мемлекет, азаматтық қоғам
Қоғам дамуының жаңа бір сатысы болып табылатын ақпараттық қоғам – экономика, саясат, ғылым, білім, мәдениет және құқықтық қызмет секілді қоғам өмірінің көптеген салаларында ақпараттық технологиялардың қолданысының өсуімен ерекшеленеді. Ақпараттық қоғам жаһандану процесінің бір нәтижесі ретінде пайда болған қоғам форматы саналады. Ақпараттық қоғамдағы жаңа өзгерістердің барлығы заң жүйесі тәжірибесінде жаңа бір қызметтің пайда болуына қажеттілік туындатты және нәтижесінде жаңа бір құқықтық мәдениеттің қалыптасуына әкелді. Қазіргі қоғамдағы қолданыстағы ақпараттық технологиялардың біртіндеп құқықтық санаға әсер етуі және ақпараттық технологиялардың қызметін құқықтық реттеу қажеттілігі ақпараттық қоғамның талаптарының бірі болып табылады. Қазіргі қоғамда ақпараттың рөлінің артуы, әлеуметтік өзара әрекеттесу сипатының өзгеруі, сондай-ақ мемлекеттік билікті жүзеге асыру ерекшеліктері секілді процесстер құқықтық сананың функциясына әсер етуде.
Мақалада ақпараттық қоғам форматында құқықтық сананың өзгеруі, оған әсер ететін факторлар және құқықтық сана қызметтері баяндалады. Сондай-ақ, ақпараттық қоғам кезеңінде құқықтық сананың дамытуына бағытталған бағдарлар да қарастырылады.