ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ САЯСИ ДИСКУРСТАРЫ

ҚҰНДЫЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ САЯСАТ ПЕН ҚҰНДЫЛЫҚ ҚАТЫНАСЫ

Том 102 № 4 (2024), ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ САЯСИ ДИСКУРСТАРЫ
Том 102 № 4 (2024)
2024-12-25 Көрілім саны: 10
Аяулым Алтайбаева
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті e-mail: ayaulym-91@mail.ru
Газиз Телебаев
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Ключові слова

қоғам, құндылық, құндылық теориялары, қоғамдық құндылық, саясат, саяси құндылық

Анотація

Құндылықтар адамзат тарихының түрлі кезеңдерінде уақыт қажеттіліктеріне сәйкес мәнге ие болып қоғамның дамуына ықпал ететін негізгі фактор ретінде қарастырылады. Құндылықтар – белгілі бір уақыт кезеңінде өмір сүрген қоғамның және оның мүшелерінің қалаулары мен ұмтылыстарын қамтитын қажеттіліктер болып табылады. Қоғамда қабылданған құндылықтар қоғам мүшелерінің басынан өткерген оқиғалардан алған тәжірибелері нәтижесінде пайда болады және уақыт өте келе олардың жеке адамдардың мінез-құлқын қалыптасуына әсер етеді. Сондай-ақ, құндылықтар қоғамның қызметінің жалғасуын қамтамасыз ететін бақылау механизмі ретінде қызмет етеді және қоғамдағы әртүрлі топтарды ажырататын критерийлерді анықтайды. Құндылықтар қоғамға лайықты ой мен мінез-құлық көзін қамтамасыз ете отырып, қоғамға қажетті өлшемдерді анықтап, оны соған бағыттайды.
Қоғамдық құндылықтардың ажырамас құрамдас бөлшегінің бірі ретінде саяси құндылықтарды есептеуге болады. Саяси құндылықтар – бұл жеке адамның немесе қоғамның саяси сенімдері мен мақсаттары, олардың санасында белгілі бір мағыналардың, қағидалар мен құбылыстардың тұрақты жағымды мәнін көрсететін және саясат әлеміндегі бағдар болып табылады. Мақалада, құндылықтар ұғымы, теориялары және бұл теориялының жіктеуі, сонымен қатар саяси құндылық ұғымы, саяси құндылық ұғымының категориясы, саясат пен құндылық қатынастары зерделенеді.

Як цитувати

Алтайбаева, А., & Телебаев, Г. (2024). ҚҰНДЫЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ САЯСАТ ПЕН ҚҰНДЫЛЫҚ ҚАТЫНАСЫ. Адам әлемі, 102(4), 117–124. https://doi.org/10.48010/aa.v102i4.678