ФИЛОСОФИЯ МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КИНОДАҒЫ ТАРИХИ ЖАДТЫҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ МӘДЕНИ БІРЕГЕЙЛІКТІҢ КӨРІНІСІ РЕТІНДЕ

Том 102 № 4 (2024), ФИЛОСОФИЯ МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Том 102 № 4 (2024)
2024-12-25 Көрілім саны: 14
Дана Маткерим
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті e-mail: matkerim85@mail.ru
Меруерт Жақсылықова
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
Жандос Болдыков
Қолжазбалар және сирек кітаптар орталығы

Ключові слова

кино, қазақстандық кино, медиамәдениет, тарихи жад, мәдени жад, бірегейлік, мәдени бірегейлік, постколониалдық зерттеулер

Анотація

Бүгінгі таңда мәдени бірегейлік мәселесі бұрынғыдан да өзекті және жан-жақты талдауды қажет етеді. Әлемде жаһанданудың ықпалынан көп өзгерістер орын алған сайын, қоғам сан құбылып, өзгеріске түсуде. Бұл мәдени бірегейлік тақырыбы сан қырлы және көп деңгейлі мәселе болғандықтан егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді. Әсіресе, қазіргі заманда кең етек алып отырған медиатехнологиялардың әлемді жаулап алған жағдайында өскелең ұрпақтың фильмдер мен медиа өнімдерге деген қызығушылығының артуы, өз ұлтының ерекшелігін, болмысы мен бітімін, ділі мен дінін, тілі мен тарихын тануына кедергі болып, қиындықтар тудырады. Бұл мәселенің өзектілігі жаһандану шағында ұлттық құндылықтар мен төл мәдениеттің сақталуы және дамуына түрткі болады. Бірегейлікті құру – заманауи мәдени қоғамды қалыптастыруға мол мүмкіндік беретін ұғым болғандықтан дәстүрлі құндылықтарды қайта қарастыруды және оларды жаңаша қабылдауды талап етіп, ұлттық және мәдени бірегейліктің бұрмаланбауына, әлсіремеуіне тиянақты еңбек етеді. Бұл мақаланың мақсаты – «тарихи жады» түсінігін пайдалану негізінде қазақ киносының даму контекстіндегі мәдени бірегейлікті ашу. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін авторлар постколониалдық дискурстағы тарихи жад, мәдени жад пен тарихи жарақат ұғымдары арқылы қазақстандық кинодағы мәдени бірегейлік бейнесін анықтау міндетін алға қояды. Келесісі – фильмдегі кино тілінің бірегейлікті насихаттаудағы негізгі рөлін саралау. Ғылыми жаңалығы – тарихи жадыны жаңғырту мәселелерін тұжырымдау арқылы қазақ киносындағы мәдени бірегейлікті негіздеп және тарихи жадтың бірегейлікті құрудағы шешуші рөлі дәлелденеді. Авторлар мәдени бірегейлік бейнесін көрсетуде мәдени талдау, өнертанушылық-кинотанушылық тәсілдерін қолданып, қазақстандық кинодағы мәдени бірегейліктің маңызды орнын анықтап береді.

Як цитувати

Маткерим, Д., Жақсылықова, М., & Болдыков, Ж. (2024). ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КИНОДАҒЫ ТАРИХИ ЖАДТЫҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ МӘДЕНИ БІРЕГЕЙЛІКТІҢ КӨРІНІСІ РЕТІНДЕ . Адам әлемі, 102(4), 64–73. https://doi.org/10.48010/aa.v102i4.682