DOI:
Кілтті сөздер
Түйін сөздер: тарих философиясы, рухани сала, ақыл, субстанция, қажеттілік, заңдылық, еркіндік, диалектика, тарихтағы сабақтастық, тарихтағы ұлы тұлғалар, мемлекет.
Г.В.Ф. Гегельдің шығармашылығында тарих философиясы үлкен орын алады. Мақалада бұрынғы тарихнамалық ағымдарға гегельдік сипаттама беріледі, содан кейін оның өзіннің тарих философиясы талданады. Гегель тарих философиясы рухани салада болып жатқан дүниежүзілік тарихи үдерісті зерттеумен айналысу керектігіне баса назар аударады. Дүниеде парасаттылық үстемдік ететіндіктен, бұл үдерістің өрістеуі орынды.
Себебі Гегель парасат ұғымына субстанция, шексіз күш, шексіз мазмұн, ақиқат, шындық, қажеттілік, заңдылық сияқты белгілерді кіргізеді. Дүниежүзілік тарихтың түпкі мақсаты – бостандық. Тарих философиясының міндеті - оның қажеттілігінде прогресс қалай жүзеге асатынын білу. Тарих философиясы халықтар мен мемлекеттердің қалай азаттыққа ұмтылғанын, ол үшін ұзақ тарихи кезеңде қаншама құрбандықтар жасалғанын көрсетеді.