DOI:
Кілтті сөздер
цифрландыру
жоғары білім
мемлекеттік саясат
цифрлық құзыреттілік
қашықтықтан оқыту
Академиялық ұтқырлық
Қазақстандағы жоғары білім беруді цифрландыру саласы жөніндегі мемлекеттік саясат жоғары оқу орындарындағы білім беру процесін дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұл мақалада Қазақстандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында қызмет ететін 10 сарапшымен, мемлекеттік органдардың өкілімен, сондай-ақ студенттер алмасу бойынша халықаралық бағдарламалардың үйлестірушілерімен тереңдетілген сұхбат нәтижелері ұсынылған. Зерттеу аясында соңғы екі онжылдықта еліміздегі білім беру цифрлық қызметтерін дамыту, отандық университеттердің халықаралық цифрлық білім беру стандарттарына сәйкестігі секілді мәселелер қарастырылды. Пандемия мен қазіргі геосаяси оқиғалардың әсеріне ерекше назар аударылған. Әлемнің озық университеттерін цифрландыру деңгейін талқылау барысында сарапшылар оқытушылардың жаңа цифрлық құралдарға бейімделу дәрежесін және қазақстандық студенттердің бәсекеге қабілеттілігін талдап шықты. Респонденттер жеке сектормен ынтымақтастық орнатуды және шалғай аймақтардағы студенттерге білім беру ресурстарына қол жетімділікті қамтамасыз ету бойынша табысты бастамалар мен стратегиялар туралы пікір алысты. Алынған мәліметтер негізінде авторлар Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде цифрлық қызметтерді одан әрі дамыту бойынша ұсынымдар әзірледі.