ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

ИСЛАМОФОБИЯ: ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ САЛДАРЫ РЕТІНДЕ

Том 103 № 4 (2025), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 103 № 4 (2025)
2025-11-04 Көрілім саны: 39
Назерке Жетпісбай
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті e-mail: mikosi_005@mail.ru
Какимжан Бишманов
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Дилшод Ачилов
Массачусетс Дартмут Университеті

Кілтті сөздер

діни сана, экстремизм, терроризм, исламофобия, діни білім

Аңдатпа

Исламофобия – бұл дұшпандыққа, қорқытуға, қудалауға, қорлауға, алып келген «мұсылмандардан қорқу» процессі негізінде қалыптасты. Бұл ұғым 2001 жылғы 11 қыркүйектегі террористік актілерден және ислам атынан жасалған басқа да қорқынышты шабуылдардан кейін мұсылмандар мен мұсылман деп саналатын адамдарға қатысты алғашқы қорқыныштардың пайда болуымен дами бастады.
Бүгінде исламды қару ретінде қолданатын радикалды топтардың саны артып келеді. Сонымен қатар, олардың ислам ілімдерін бұрмаланған түсіндіруінің нәтижесінде шынайы исламды исламның саяси құбылысынан ажырата алмайтын және мұсылмандарды қоғамға зиян топ өкілдері ретінде қарайтын топтар саны арта түсуде. Бұл қоғам арасында «исламофобияның» артуына алып келуде.
Кемсітушілікке, дұшпандыққа немесе зорлық-зомбылыққа алып келетін діни өшпенділікті насихаттауға заңмен тыйым салынып, күресу жолдарын күшейтуді талап етуде. Халықаралық нормалар мен стандарттар кемсітушілік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға негіз болғанымен, тек заңдар жеткіліксіз, сонымен қатар мемлекеттер, әсіресе көп мәдениетті және өзара байланысты қоғамдарда әртүрлілік пен сөз бостандығына ықпал ететін саясат пен бағдарламаларды қабылдауы керек. Бұл осы тақырыпты терең зерттеп, мемлекеттердің ерекшеліктерін ескере отырып шешім қабылдауды талап етеді.
Мақалада «исламофобия» терминінің дамуы, деструктивті діни ағымдардың оған әсеріне талдау жасалынып, оны азайту жолдары ұсынылды.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Жетпісбай, Н., Бишманов, К., & Ачилов, Д. (2025). ИСЛАМОФОБИЯ: ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ САЛДАРЫ РЕТІНДЕ. Адам әлемі, 103(4), 147–155. https://doi.org/10.48010/aa.v103i4.732