DOI:
Кілтті сөздер
биполяр қоғам, титулдық ұлт, көпқырлы бірегейлік, демографиялық өзгерістер, қазақ тілі, бірігу саясаты
Мақалада этникалық қазақтардың демографиялық үстемдігі мен көпқырлы мәдени-тілдік бірегейліктер жағдайындағы Қазақстан Республикасында ұлттық бірлікті қалыптастырудың күрделі процесі талқыланады. Тарихи талдау көрсеткендей, кеңестік кезеңнен бүгінгі күнге дейін қазақтар мен түрлі этностардың арақатынасы ұжымдастыру, көші-қон, 1930-жылдардағы ашаршылық және 1990-жылдардағы Тәуелсіз мемлекет құру кезеңдеріндегі нақты мемлекеттік саясаттың әсерінен өзгерістерге ұшырап отырған. Осы тарихи процестің нәтижесінде қазақтар азшылық мәртебесінен түбегейлі басымдыққа қол жеткізіп, «титулдық ұлт» ретіндегі рөлін күшейтті, қазақ тілі мен символдарының кең дамуына қол жеткізді. Дегенмен, тарихи түрде орныққан орыстілді ортаның сақталуына орай гибридті (көпқырлы) бірегейлік феномені қалыптасып отыр. Қалалық халықтың, соның ішінде қазақ текті халықтың бір бөлігі күнделікті өмірде орыс тілін қолдануды жалғастырып келеді, ал ұлттық саясат қазақ мәдениетінің басымдығын нығайтуға тырысуда. Мақалада қазақтардың тарихи және демографиялық рөлін мойындамаса, көпқырлы бірегейлік қоғамды бөлу факторына айналуы мүмкін екеніне баса назар аударылады. «титулдық ұлт» қоғамды біріктіріп, ұлттық бірліктің берік негізі бола алған жағдайда ғана мемлекет қостілділікті немесе көптілділікті тиімді іске асыра алатыны тарқатылады.