DOI:
Кілтті сөздер
семантика
ұлттық валюта
теңге дизайны
ақша бейнелерінің эволюциясы
қазақ мәдениеті
қазақ тарихы
тәуелсіздік
Мақалада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының семантикалық мазмұнын қазақ қоғамының ұлттық бірегейлігінің көрнекі көрінісі ретінде талдау ұсынылған, оның мазмұнының өзгеруі теңге дизайнында пайдаланылатын ақша бейнелерінің өзгеруінен көрінеді (қағаз ақша мысалында).
Зерттеудің өзектілігі дерексіз ақша стилистикасында бейнеленген Қазазқстан Республикасының мәдениетін зерттеуге арналған ғылыми құралдарды кеңейтумен; құқықтық маңызы бар кезеңдерін пікірталас мәселелерін көрсететін бейнелерді талдау қажеттілігімен; сондай-ақ ұлттық валюта мысалында символдық бейненің әдіснамалық ресурстарын зерттеу мен көрнекі бейнелеуді сынақтан өткізумен айқындалады.
Зерттеудің теориялық негізін семантика, семиотика, мәдени антропология, саясаттану, өнертану және тарих бойынша еңбектер құрайды. Зерттеу әдістемесі семиотикалық, мәдениеттану, салыстырмалы-тарихи және формальды-стилистикалық әдістердің үйлесіміне негізделген; нақтылаушы әдістер ретінде: семантикалық-бейнелі және семантикалық-функционалды тәсіл; жалпы ғылыми әдістер талдау, синтез, деректер арқылы ұсынылған.
Зерттеудің негізгі нәтижелері келесі тұжырымдармен ұсынылған: Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының семантикасы қазақ халқының әлеуметтік маңызы бар тәжірибесін сақтау және мұра ету шарты ретінде көрінеді; тұжырымдамалық тұрғыдан Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының дизайны қазақ халқының тарихи жолының негізгі мағыналық категорияларын айқын бейнелейді; Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының дизайн тарихында ұзақ мерзімділігімен немесе қысқа мерзімділігімен ерекшеленетін бірқатар стильдік композициялар орын алады, бұл елдің ұлттық-мемлекеттік идеологиясының өзгеруімен және қазақ халқының этникалық бірегейлігін бейнелеу динамикасымен тікелей байланысты.
Зерттеу барысында алынған нәтижелердің көпқырлылығы жоғары тәжірибеге бағдарланған перспективамен сипатталады, өйткені ол қазақ халқының ұлттық бірегейлігін семантикалық-бейнелі және семантикалық-функционалдық тәсілдер тұрғысынан талдаудың әдіснамалық қырларын кеңейтеді, қазақстандық қағаз банкноттарының жобалауында қазақ тарихының мәдени-этникалық ақпаратын семантикалық бейнелеу тәсілдерін жүйелеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазақ халқының ұлттық-мәдени ерекшелігі туралы білімнің әлемдік ғылымға қосылатын ғылыми үлесін кеңейтуге ықпал етеді.