ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Қазақстандағы ислам толеранттығының діни және этномәдени қырлары

Том 103 № 2 (2025), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 103 № 2 (2025)
2025-06-30 Көрілім саны: 167
Бахытжан Сатершинов
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты
Алау Әділбаев
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті e-mail: adilalau72@mail.ru

Кілтті сөздер

диалог, дін, иман, ислам, терроризм, толеранттылық, этномәдениет

Аңдатпа

Адамзат тарихына көз жүгіртсек, ұлттар мен ұлыстар, діндер мен конфессиялар, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы қарым-қатынастардың көбіне өзара келісім ұстынынан гөрі соғыс қағидасына сүйенгенін байқаймыз. Көне заман мен орта ғасырлардағы Батыс пен Шығыс әлемдеріндегі дінаралық және ұлтаралық соғыстар, қысқа мерзімді және жүз жылға созылған соғыстар, айқыш жорықтары мен Варфоломей түндері, реформация мен инквизиция құбылыстары бейбітшілік пен толеранттылық ұстанымының тапшылығын дәлелдейді. ХХ ғасырдың өзінде саяси, идеологиялық, ұлттық және діни айырмашылықтарға байланысты орын алған қақтығыстар дүниежүзілік сипатта да, жергілікті сипатта да орын алды. Діни экстремизм мен терроризм құбылыстары пайда болды. Сондықтан мемлекеттер арасындағы шекараны жоятын және интеграция үрдісімен сипатталатын бүгінгі жаһандану заманы бейбіт қатар өмір сүру, өзара түсіністік пен келісім, диалог пен толеранттылық ұғымдарын алға тартады.

Бұл мақалада діни толеранттылықтың, оның ішінде ислам толеранттығының мәні мен мағынасы айқындалады. Яғни төзімділік пен сабыр түсініктерінің этикалық түбірдегі әлемдік діндердің және ислам дінінің өзегінде бар екені анықталады. Сәйкесінше, толеранттылық термині соңғы уақыттарда кең қолданысқа ие болғанымен, оның ұғымы контекстуалды және тарихи тұрғыдан әуел бастан діни болмыста болғандығы тұжырымдалады. Негізгі концептуалдық ұғымдар Қазақстандағы дін мен этномәдениеттің тарихы және теориясы ауқымында дәйектеледі.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Сатершинов, Б., & Әділбаев, А. (2025). Қазақстандағы ислам толеранттығының діни және этномәдени қырлары. Адам әлемі, 103(2), 140–146. https://doi.org/10.48010/aa.v103i2.793