DOI:
Кілтті сөздер
әділдік, әлеуметтік әділдік, әділетсіздік, теңдік, теңсіздік, әлеуметтік мемлекет, жеке меншік, нарық, жекешелендіру, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, еңбек ету құқығы, еңбек табыстары
Мақалада Қазақстанда әлеуметтік мемлекет ретінде әлеуметтік әділдік ұстанымдарын іске асырудың өзекті мәселелері қарастырылады. Нарықтық өзін-өзі реттеу механизмі әлеуметтік әділдікке қол жеткізуді көздемейді. Керісінше, нарық әлеуметтік жіктелудің тереңдеуіне ықпал етеді, сондықтан табысты әділ бөлу – әлеуметтік мемлекеттің негізгі қағидаттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты еңбек ету құқығын іске асыру аясында әлеуметтік әділдік мәселесі ерекше маңызды, себебі ең төменгі жалақы мөлшері, ел бойынша орташа жалақы мөлшері сияқты маңызды көрсеткіштер бойынша қазақстандық қоғамда құқықтық қағидаттар мен нормалар және нақты көрсеткіштер арасында алшақтық бар, бұл қоғам тарапынан әділетсіздік ретінде қабылданады.