ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Қазақ халқының рухани әлеміндегі гендерлік теңдік: тарихи эволюция және Иранмен салыстырмалы ракурс

Том 103 № 4 (2025), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 103 № 4 (2025)
2025-11-04 Көрілім саны: 44
Еңлік Қасабекова
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты
Алмасбек Шағырбай
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты e-mail: almasbek85@gmail.com

Кілтті сөздер

гендерное равенство, духовная культура, «Әйел теңдігі», рынок труда, политическое представительство, шариат, Иран

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ халқының рухани-мәдени дүниетанымындағы әйелдің әлеуметтік және гендерлік рөлі тарихи сабақтастық тұрғысынан қарастырылады. Зерттеу аясында дәстүрлі қоғамдағы гендерлік нормалар мен патриархалдық құрылымдардың ерекшеліктері, кеңестік кезеңдегі эмансипациялық саясаттың ықпалы, сондай-ақ тәуелсіздік жылдарындағы институционалдық өзгерістер жүйелі түрде талданады. Мақалада 1920–1930 жылдары жарық көрген «Әйел теңдігі» (1925) журналының ағартушылық және қоғамдық сана қалыптастырудағы маңызы айқындалады. Сонымен қатар қазіргі Қазақстан жағдайында гендерлік теңдікке қатысты өзекті мәселелер – әйелдердің құқықтық сауаттылық деңгейі, еңбек нарығындағы жалақы айырмашылығы, шешім қабылдау үдерісіндегі және саяси өкілдіктегі теңсіздік сияқты аспектілер нақты мысалдар арқылы талқыланады. Салыстырмалы талдау ракурсы ретінде Иран Ислам Республикасының шариғат қағидаларына негізделген құқықтық жүйесі қарастырылады. Бұл тұрғыда отбасылық құқық, мұрагерлік, куәлік ету, сондай-ақ әйелдердің қоғамдық кеңістікке қатысуы мәселелері сарапталып, 2022 жылдан кейінгі азаматтық мобилизация үдерістері мен 2024 жылғы құқықтық регламенттердің күшею үрдісі зерттеу нысанына алынады. Қорытынды бөлімде гендерлік саясаттың тиімділігін арттыру мақсатында құқықтық реформаларды мәдени трансформациямен өзара ұштастырудың маңыздылығы негізделеді. Сонымен қатар гендерлік білім беруді дамыту, гендерлік бюджеттеу тетіктерін енгізу, статистикалық деректерді жыныс бойынша бөлшектеу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және азаматтық қоғам институттарымен, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен серіктестікті кеңейту бағыттары ұсынылады.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Қасабекова, Е., & Шағырбай, А. (2025). Қазақ халқының рухани әлеміндегі гендерлік теңдік: тарихи эволюция және Иранмен салыстырмалы ракурс. Адам әлемі, 103(4), 156–163. https://doi.org/10.48010/aa.v103i4.807