ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ САЯСИ ДИСКУРСТАРЫ. ӘЛЕУМЕТ ЖӘНЕ САЯСАТ

Қазақстан Республикасының заң шығарушы органының реформасын салыстырмалы талдау

Том 103 № 4 (2025), ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ САЯСИ ДИСКУРСТАРЫ. ӘЛЕУМЕТ ЖӘНЕ САЯСАТ
Том 103 № 4 (2025)
2025-11-04 Көрілім саны: 35
Уалихан Ахатов
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Мейрамкул Исаева
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты e-mail: miraisa777@gmail.com
Жаңыл Мадалиева
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Кілтті сөздер

Қазақстан Республикасы, Түркия Республикасы, Парламент, Бір палаталы Парламент, Екі палаталы Парламент, Реформа

Аңдатпа

Мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің болуы биліктің бөлінуі қағидасының негізін құрайды. Заң шығарушы биліктің болуы мемлекеттіліктің қажетті шарты ретінде қабылданған. Мемлекеттердегі заң шығарушы органдардың құрылымы әр мемлекеттің ішкі құрылымдық ерекшеліктеріне қатысты бір палаталы немесе екі палаталы түріне негізделеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республи-касының заң шығару билігiн жүзеге асыратын Парламент – Сенат және Мәжіліс палаталарының қызметін қамтиды. 2025 жылдың 8 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды бастамалардың бірі әлемде кеңінен таралған бір палаталы Парламентке көшу қажеттілігі баяндалды. Бұл маңызды реформа 2027 жылы жалпыхалықтық референдум өткізу арқылы халық қолдауымен жүзеге асатынын баяндады. Мемлекет басшысы еліміздегі жоспарланған реформа «Әділетті және қуатты Қазақстанды» құру мақсатындағы маңызды қадамдар ел игілігіне қызмет ететіне үмітті екендігін білдірді.
Ғылыми зерттеулерде екі палаталы жүйені қолдайтын және қарсы көзқарастағы пікірлер де бар. Бір палаталы және екі палаталы жүйенің саяси шешім қабылдау процестеріндегі артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де баяндалған бұл мақалада Қазақстан Республикасының заң шығарушы орган қызметін Түркия Республикасының тәжірибесімен салыстырмалы талдау жасалынады.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Ахатов, У., Исаева, М., & Мадалиева, Ж. (2025). Қазақстан Республикасының заң шығарушы органының реформасын салыстырмалы талдау. Адам әлемі, 103(4), 132–137. https://doi.org/10.48010/aa.v103i4.808