DOI:
Кілтті сөздер
фальсафа, дүниетаным, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Абай, дін, антрпоморфизм, руханият, Сүгір
Бұл мақала XIX–XX ғасырлардағы қазақ ойшылдарының діни-философиялық көзқарастарын талдауға арналған. Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сүгір жырау, Міржақып Дулатов сияқты тұлғалардың еңбектерінің ортақ ойларына назар аударылады. Олардың шығармашылық мұрасы ислам теологиясы, шығыс философиялық дәстүрі және қазақтың ұлттық-мәдени дүниетанымын ұштастыратын күрделі синтез ретінде қарастырылады. Мақаланың негізінде XIX–XX ғасырлардағы қазақ ойшылдарының құдайдың болмысына қатысты терең ойлары, шығыс перипатетиктері, фәлсафа мектебінің өкілдері мен мутакаллимдер қолданылатын философиялық терминдердің өз еңбектеріндегі көрінісі және басқа да діни философиялық тұжырымдармен сабақтастығы көрсетілуге бағытталған. Мақалада негізгі базис ретінде Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өлең жолының түсіндірмесі алына отыра аталған тұлғалардың сол тақырыптарға қатысты терең діни және философиялық тұжырымдары жайлы қарастырылады. Аталған қайраткерлердің еңбектері өзара сабақтастырыла отырып олардың ұлттық және діни позициялары қарастырылады. Ойшылдар өз еңбектеріндегі тереңдетілген діни концепцияларды халық даналығы мен поэтикалық бейнелеу арқылы жеткізгендіктеріне зерттеу жасалды. Зерттеуде XIX–XX ғасырлардағы қазақ ойшылдарының діни-философиялық мұрасын аша отыра ислам өркениеті мен ұлттық рухани құндылықтардың сабақтастығы қарастырылды.