ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ САЯСИ ДИСКУРСТАРЫ. ӘЛЕУМЕТ ЖӘНЕ САЯСАТ

Орталық Азия мемлекеттерінде конфликт қаупін азайтудағы туризмнің институционалдық және әлеуметтік-саяси аспектілері

Том 103 № 4 (2025), ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ САЯСИ ДИСКУРСТАРЫ. ӘЛЕУМЕТ ЖӘНЕ САЯСАТ
Том 103 № 4 (2025)
2025-11-04 Көрілім саны: 45
Сымбат Шакиров
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Айтолкын Тлеубаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Асан Амангельдиев
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті e-mail: asnur.1989@mail.ru
Аида Качкынова
Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті

Кілтті сөздер

Орталық Азия, туризм, конфликт, институционалдық даму, аймақтық ынтымақтастық, этникалық әртүрлілік, шекара даулары, интеграция, тұрақты даму, Silk Road Visa

Аңдатпа

Мақалада Орталық Азия елдеріндегі туризмнің институционалдық және әлеуметтік-саяси аспектілерінің аймақтың конфликт әлеуетін төмендетудегі рөлі қарастырылған. Зерттеу мемлекетаралық ынтымақтастықты, мәдениетаралық диалогты және өзара сенімді нығайтудағы туризмнің мүмкіндіктері мен шектеулерін талдайды. Авторлар тарихи-мәдени мұраның, этникалық және лингвистикалық әртүрліліктің, сондай-ақ су және шекара мәселелерінің аймақ елдеріндегі туризм индустриясына әсерін аша отырып, аймақтық интеграция мен тұрақтылыққа қол жеткізу жолдарын ұсынады.
Мақалада институционалдық реформалардың, құқықтық базаны жетілдірудің және өңірлік жобаларды іске асырудың маңыздылығы атап өтілген. Сонымен бірге, «Silk Road Visa» (Жібек жолы визасы) сияқты бірлескен бастамалардың Орталық Азиядағы тұрақты бейбітшілік пен әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз етуге әсері талданған.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Шакиров, С., Тлеубаева, А., Амангельдиев, А., & Качкынова, А. (2025). Орталық Азия мемлекеттерінде конфликт қаупін азайтудағы туризмнің институционалдық және әлеуметтік-саяси аспектілері. Адам әлемі, 103(4), 125–131. https://doi.org/10.48010/aa.v103i4.811