DOI:
Кілтті сөздер
Түйін сөздер: Сенатты тарату, мәслихаттардың рөлі, партиялық жаңғырту, реформа, саяси өкілдік, өңірлік өкілдік, бірпалаталы парламент, Қазақстан.
Мақалада Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясы қабылданғаннан бергі ең ірі институционалдық өзгерістердің бірі - Парламент Сенатын тарату және бірпалаталы құрылымға көшу мәселесі қарастырылады. Реформаның ресми себептері мен өкілдік билікке ықтимал әсері талданады. Өңірлік мүдделерді білдіретін негізгі арналар ретінде жергілікті өкілді органдар мен партиялық жүйенің рөліне ерекше назар аударылады. Зерттеудің мақсаты - бірпалаталы парламентке көшудің мәслихаттар мен партиялардың саяси-институционалдық рөліне ықпалын анықтау және бағалау. Зерттеудің әдіснамалық негізін жаңа институционализм мен саяси өкілдік теориялары құрайды, олар мәслихат депутаттарымен жүргізілген сапалық сұхбаттардың нәтижелерімен толықтырылған. Бірпалаталылық жағдайында биліктің орталықтандырылу қаупі мен өңірлік дауыстың әлсіреу ықтималдығы, сондай-ақ мәслихаттар мен партиялардың орны толтыратын институттар ретінде күшею мүмкіндіктері анықталды. Зерттеу нәтижелері реформаның сәттілігі өңірлер мен партиялардың өкілеттіктері мен дербестігін нақты кеңейтуге тікелей байланысты екенін көрсетеді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы - Сенаттың таратылуының салдарын өңірлік өкілдердің қабылдауы мен практикалық тәжірибесі арқылы зерделеуінде. Бұл мәслихаттардың өңірлік өкілдік жүйесіндегі институционалдық шектеулері мен әлеуетті ресурстарын анықтауға мүмкіндік береді.