ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

ИШИМ террорлық ұйымының экономикалық-қаржылық қайнарлары

Том 89 № 3 (2021), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 89 № 3 (2021)
2021-09-26 Көрілім саны: 166
Бауыржан Ботакараев
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті e-mail: bauyrzhan.botakarayev@ayu.edu.kz
https://orcid.org/0000-0002-8164-8049
Мұхит Төлегенов
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Юсуф Бенли
Эрджиес университеті

Ключові слова

Радикализм
халифат
ИШИМ
Орта Азия
ұлттық қауіпсіздік
бейбітшілік

Анотація

Бұрындары соғыс пен бейбітшілік туралы пікірталастар үнемі философия, гуманитарлық ғылымдар, журналистика секілді қоғамның әр салаларында туып жатса, бүгінгі таңда бұл тақырыптар саясаттанудың ең маңызды мәселелерінің біріне айналды. Алайда жетекші дін мамандарының бұл мәселеге қатысты нақты ұстанымы мен пікірлері зайырлылық көзқарасқа қайшы келмегендіктен ерекше аталып көрсетілмеді.

Жаһандану заманында адамдар мен қоғамның өзара әрекеттесу желісі күрделі құбылысқа айналды. Жаһандану өмірге жағымды жағынан үлес қосып қана қоймай, кері әсерін де тигізуде. Әлемдегі оң өзгерістерге үлес қосатын ғылыми даму соңғы жылдары тиімді және жылдам үдеріске енгенімен, террорлық ұйымдардың әсер ету саласы да ел шекарасынан тысқары таралуда. Террорлық ұйымдар болса бұл үдерісті өз пайдасына пайдаланып бүкіл әлемге қауіп төндіруде. ИШИМ деп аталатын лаңкестік ұйым жаһанданудың артықшылықтарын қолдану арқылы қысқа уақыт ішінде өзінің әсер ету аумағын кеңейте алды. Бастапқыда белгілі бір аймақтық қауіпке айналғанымен, уақыт өте келе әлемге қауіп төндірді. Осы себепті біз әлемге және оның болашағына теріс әсер етеді деген қорқынышпен аталмыш ұйымның құрылымын, мақсатын, экономикалық-қаржылық негіздері мен оларға қарсы күресудің негізгі механизмдерін анықтауды мақсат еттік.

Як цитувати

Ботакараев, Б., Төлегенов, М., & Бенли, Ю. . (2021). ИШИМ террорлық ұйымының экономикалық-қаржылық қайнарлары. Адам әлемі, 89(3), 122–130. https://doi.org/10.48010/2021.3/1999-5849.11