Мақалаларды рецензиялау түрі мен тәртібі

- Журнал талаптарына сәйкес дұрыс рәсімделген барлық мақалалар плагиатқа тексерілгеннен кейін, ары қарай рецензиялау жүйесінен өтеді. Рецензиялау жүйесі – қолжазбаны журналға жариялаудың міндетті компоненті болып табылады. 

- Журналда рецензиялау құпия, екі жаққа да «жасырын» түрде болады. Рецензент ретінде  ұсынылғын қолжазбаның ғылыми бағытына сәйкес кандидат және доктор, сонымен қатар философия докторы (PhD) дәрежесі бар ғалымдар бекітіледі.

- Рецензиялау жасырын түрде жүзеге асады. Авторлар туралы мәліметтер көрсетілмеген мақаланың қолжазбасы электронды платформа арқылы рецензентке жіберіледі. Сонымен қатар, рецензентке қолжазбаны бағалау барысында көрініс табуы қажет негізгі ережелері көрсетілген «Рецензентке арналған нұсқаулықтар» жіберіледі.

- Автор журналдың талаптарына сәйкес мақала береді, редакция мақаланы рецензиялауға жібереді (2 апта).

- Оң рецензияларды алғаннан кейін мақала журнал нөмірлерінің бірінде жариялауға дайындалады.

- Егер рецензенттерден алынған ескертулер елеусіз сипатта болса, мақала авторларға пысықтауға жіберіледі. Қателерді түзету мүмкін болмаған жағдайда қолжазба қайтарылады.