ФИЛОСОФИЯ. МӘДЕНИЕТ. ҚОҒАМ

ДЕМОКРАТИЯ ЖӘНЕ РЕЛЯТИВИЗМ: ӘЛЕУМЕТТІК КОНСТРУКТИВИЗМ ТҰРҒЫСЫНАН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Нөмір 28 № 2(108) (2026), ФИЛОСОФИЯ. МӘДЕНИЕТ. ҚОҒАМ
Нөмір 28 № 2(108) (2026)
2026-06-30 Қараулар саны: 0
Ернат Мырзп
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті e-mail: ernatmyrza3@gmail.com
Татьяна Лифанова
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Нұр Қирабаев
Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті

Кілт сөздер

демократия, релятивизм, әлеуметтік конструктивизм, нормативтік құрылым, аксиологиялық плюрализм

Аңдатпа

Мақалада демократия ұғымының қазіргі теориялық түсіндірмелерінде жиі кездесетін релятивизм мәселесі тарихи-философиялық контексте қайта қарастырылады. Негізгі  түйіткілді мәселе ретінде демократияны релятивизм тұрғысынан қарапайым теңестіру және оның философиялық қырларын жеткілікті тереңдіксіз бағалау қарастыралады. Авторлардың ұстанымы бойынша, мұндай теңестіру демократияның ішкі логикасын бұрмалап, оны құндылықтық тұрғыдан әлсіретеді. Зерттеудің мақсаты демократияны біржақты индивидуализмге негізделген жүйе деп санамау, керісінше индивидуализм мен универсализмнің синтезі ретінде негіздеу және релятивизмнің демократиялық тәртіптегі нақты орнын айқындау.
Зерттеу барысында Ж.-Ж.Руссо, Т. Гоббс, Дж. Локк, Г. Кельзен, Г. Гурвич еңбектеріне сүйене отырып, теңдік пен бостандық ұғымдарының тарихи эволюциясы талданады. Теңдік механикалық сандық қағидадан гөрі, құқықтық және моральдық тұтастықтағы сапалық принцип ретінде түсіндіріледі. Демократия құқықтың үстемдігіне негізделген әлеуметтік тәртіп ретінде қарастырылып, «саяси релятивизм» ұғымының философиялық релятивизммен тең еместігі дәлелденеді. Релятивизмнің эпистемологиялық, моральдық және мәдени түрлері ажыратылып, олардың демократиялық институттарға әсері талқыланады.
Әлеуметтік конструктивизм әдіснамасы (П. Бергер, Т. Лукман) демократия, құқық және бостандықтың табиғи-берілген деп танылатын тұжырымнан гөрі, тарихи және институционалдық тәжірибе арқылы қалыптасатын әлеуметтік мағыналар екенін көрсету үшін қолданылады. Қазіргі демократиялық теориялармен теориялық диалог негізінде 
(Ю. Хабермастың делиберативті демократиясы, Ш. Муффтың агонистік демократиясы, Дж. Ролздың саяси либерализмі) демократияның релятивизммен күрделі байланысы тереңдетіле талданады.
Қорытындыда демократия өзін-өзі жаңғырта алатын ашық жоба ретінде бағаланып, оның болашағы құқықтық мемлекет, әлеуметтік құқықтар және көпдеңгейлі демократияландыру үдерістерімен байланыста негізделеді.

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ДЕМОКРАТИЯ ЖӘНЕ РЕЛЯТИВИЗМ: ӘЛЕУМЕТТІК КОНСТРУКТИВИЗМ ТҰРҒЫСЫНАН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ. (2026). Адам әлемі, 28(2(108), 26-38. https://doi.org/10.48010/43p42w41