DOI:
Ключові слова
қазақ ағартушылығы, орыс ағартушылығы, европалықағартушылық, философия, қоғамдық прогресс, А.Құнанбаев, С.Торайғыров.
қазақ ағартушылығы, орыс ағартушылығы, европалық ағартушылық, философия, қоғамдық прогресс, А. Құнанбаев, С. Торайғыров
Мақалада қазақ ағартушылық ілімдерінің қалыптасуының кейбір ерекше факторлары мен бастаулары талданған. Авторлар XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ағартушылығының қалыптасу ерекшеліктері мен заңды-лықтарын анықтай отыра, оның орыс және еуропалық ағартушылығымен идеялық байланысын көрсетеді.
Қазақ ағартушылығының эволюциясы мен одан әрі дамуы дала қоғамдық өмірінде болып жатқан өзгерістер аясында қарастырылады, оның ХХ ғасырдың басындағы кейбір сипатты белгілері атап өтіледі.
Авторлар Қазақстанның ағартушылық философиясының негізгі әлеуметтік және жалпы философиялық мәселелерінің шеңберін айқындай отырып, негізгі ағартушылық мәсе-лелердің бірі-қоғамдық прогресс мәселесі мысалында, оны қазақ ағартушылығының дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі сараптау ерекшеліктерін анықтауға талпынады.
Қазақ ағартушылығының дамуындағы рухани сабақтастықты А. Құнанбаев және С. Торайғыров шығармашылықтары арқы-лы қарастырады. Қазақ ойшылдарының орыс халқының озық мәдениеті мен әлеуметтік практикасына, ал ол арқылы Батыс Еуропа мәдениетіне көз тігіуіне алып келген шешуші фактор, біздің ойымызша, сол кездегі «негізгі тенденция» – озық орыс капиталистік шындығы мен артта қалған жергілікті патриархалдық-феодалдық қоғамның болмысы арасындағы қайшылық, қайшылықтың бірегей нысаны ретінде және бұл қайшылықты дәстүрлі қазақ қоғамын прогрессивті даму жолымен өзгерту арқылы шешу қажеттілігі болды.