DOI:
Кілтті сөздер
әйел, ислам, дәстүр, менталитет, дін, теңдік
Бұл мақалада мұсылман қоғамдарындағы әйелдердің рөлі мен мәртебесіне кешенді зерттеу жүргізіліп, олардың саяси және қоғамдық өмірге қатысуына ерекше назар аударылады. Мақалада мәдени және әлеуметтік кедергілерді еңсеріп, ұлттық және халықаралық деңгейде елеулі жетістіктерге қол жеткізген мұсылман әйелдерінің тарихи мысалдары мен қазіргі заманғы жетістіктері сараланады. Отбасы мен кәсіби міндеттер арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін исламдық ілімге ерекше көңіл бөлініп, мансаптық жетістік пен отбасылық жауапкершілікті сәтті ұштастырудың заманауи үлгілері талданады. Сонымен қатар, зерттеуде Бопай ханым мен Домалақ ана сынды қазақ тарихындағы көрнекті тұлғаларға талдау жасалып, дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі әйелге деген терең тарихи құрметтің тамыры көрсетіледі. Қорытынды бөлімде әділетті және инклюзивті әлеуметтік тәртіпті қалыптастырудағы әйелдердің маңыздылығы атап өтіледі.