ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

ИМАМ МАТУРИДИДІҢ ӨМІРІ МЕН ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ

Том 90 № 4 (2021), ДІНТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 90 № 4 (2021)
2021-11-12 Көрілім саны: 149
Бауыржан Ботакараев
А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті e-mail: bauyrzhan.botakarayev@ayu.edu.kz

Ключові слова

Имам Матуриди
Мәуеренахр
Әбу Ханифа
толеранттылық
зайырлылық

Анотація

Ислам діні пайда болған уақыттағы мұсылман үмбетінің бір болғандығына қарамастан, уақыт өте келе өз араларында итиқади және фикхтық мәселелерде пікір-таластар туындай түсті. Жаулап алушылық қозғалыстар мен мұсылмандардың басқа ұлттармен танысуы уақыт өте келе әлеуметтік-саяси тақырыптарға байланысты дәлелдер мен теориялық мәселелердің көбеюі түрлі фырқалардың пайда болуына себеп болды. Бұл процестің соңында ағымдар пайда болып, өзара ішінен де тармақтарға бөліне бастады. Бұл кезеңде итиқади және кәламдық тармақтар өздеріне тән формаларға ие бола бастады. Кәламдық фырқалардың көбісі сол кездегі тармақтарға қарсы шықты және ашық немесе жасырын күйде басқа фырқалармен байланыс құрып кезеңнің маңызды мазхаптарын құрады және көзқарастарын қоғамның маңызды бөлігі ұстана бастады. Бұл кәламдық тармақтардың бірі Матуридилік Мәуеренахрда пайда болды. Қорасан мен Мәуеренахр Исламның алғашқы ғасырларынан бастап моңғолдардың келуіне дейін Иранның және Ислам әлемінің маңызды аймақтарынан саналатын. Бұл аймақ географиялық және табиғи ерекшеліктерімен назар аудартуда.
Әбу Мансұр әл-Матуриди Әһли Сүннет кәламшыларының Мәуеренахр аймағы бойынша басшысы. Имам Ағзам Әбу Ханифаның «Фикхул әкбар» атты кітабындағы Ислам ақидасы туралы көзқарастарын жүйелі қалпына келтірген. Ислам сенім мен ақидасына ғылыми сипатты қоса білгендігі үшін Матуридидің кәлам іліміне байланысты көзқарастарына өз есімімен Матуриди мазхабы деп аталды. Ханафи мазхабы ғалымдарының басым көпшілігі Имам Матуридидің ақидасына байланысты көзқарастарын ұстанғандықтан Матуриди Әбу Ханифаның көзқарастары шеңберінде құрылған Ханафи мазхабының да кәламшысы ретінде қабылданды.

Як цитувати

Ботакараев, Б. (2021). ИМАМ МАТУРИДИДІҢ ӨМІРІ МЕН ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ. Адам әлемі, 90(4), 152–162. https://doi.org/10.48010/2021.4/1999-5849.16