«Адам әлемі» журналы философиялық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның өзекті мәселелерін қамтитын, отандық және шетелдік ғалымдар зерттеулерінің ғылыми-теориялық және практикалық нәтижелерін ұсынатын, коммуникативтік ғылыми кеңістікті кеңейтетін философиялық және қоғамдық-гуманитарлық басылым.
Журналдың редакциясы ғалымдарды, сарапшылар қауымдастығын шоғырландыруға бағытталған диалог саясатын жүзеге асырады. Жарияланымдары ғылыми қоғамдастықтың қызығушылығын тудыратын жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігіне көп көңіл бөлінеді.
Журналдың редакциялық саясаты Қазақстандық гуманитарлық ғылымның ғылыми рейтингін көтеруге, оның ғылыми әлеуетін ашуға және әлемдік гуманитарлық кеңістікке енуге бағытталған. Біз философия, саясаттану, дінтану, исламтану, пәнаралық ғылымдар саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға дайынбыз.
«Адам әлемі» журналы мынадай нәрселерді жүргізеді:
Ашықтық саясаты – журналда, журналдың веб-сайтында жарияланатын мақалалардың мәтіндеріне ашық қол жеткізу, жариялау шарттары, мақалаларды ресімдеу және ұсыну, рецензиялау ережелері, бас редактор мен жауапты хатшының байланыс деректері туралы қажетті ақпарат ұсынылған.
Журнал авторлары мен оқырмандарына журнал шығарылымымен, оның ішінде электрондық нұсқалардағы мұрағаттық материалдармен танысу мүмкіндігі берілген.
Плагиатқа қарсы жүйеде мақала мәтіндерінің өзіндік ерекшелігін тексеру саясаты. Мақалалардың қолжазбалары өзіндік ерекшелікке ие болуы керек, бұрын жарияланған мәтіндер қайталанбауы керек. Жарияланымға жіберілген барлық мақалалар антиплагиат жүйесінде (iThenticate) тексеріледі.
Қолжетімділік саясаты және материалдарды архивтеу
«Адам әлемі» журналы өзінің ресми веб-сайтында өз контентіне деген қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Веб адрес: https://adamalemijournal.com/
Сайттағы барлық ақпараттар қазақ тілі, орыс және ағылшын тілінде беріліп, тек қазақстандық қана емес, шетелдік ғалымдар мен оқырмандарға да сайттың контентіне ақпараттық ашықтықты қамтамасыз етеді.
Сайтта журналдың редакциялық саясаты, оның мақсаты мен тақырыптық бағыты, мақаланы жариялау шарттары, рецензиялау саясаты, жариялау этикасы, редакция алқасы мен халықаралық редакциялық кеңестің құрамы, сонымен қатар, өзге де ақпараттар берілген.
Авторлар мен оқырмандар журналдың электронды нұсқасымен, өткен жылдардағы журнал нөмірлерінің архивымен таныса алады. Журналдың электронды нұсқадағы барлық басылымдары тегін таратылады.
Құпиялылық шарттары
Авторлар туралы ақпарат журналдың «Біздің авторлар» айдарында берілген. Ол жерде – аты-жөні, жұмыс орны, қызметі мен ғылыми дәрежесі, атағы туралы ақпараттар орналасқан.
Редакция алқасы рецензенттерге автор (авторлар), ал авторларға рецензент жайлы мәліметтерді жариялауға қатысты құпияны сақтап қалады.Сонымен қатар, мақалаға сын-пікір беретін үшін жақ жайлы ақпаратты да жарияламайды.
Жарияланған мақалалар редакция алқасының көзқарасымен сәйкес келмеуi мүмкiн. Редакцияның сапалы мақалаларды таңдап алуға құқы бар, сондай-ақ, ұсынылған материалдардағы ақпараттардың дұрыс жеткiзiлуiне жауапкершiлiк алмайды.
Жариялауға мақұлданған мақала авторлары ғылыми журналдарда жарияланым үшін бекітілген баға прейскурантымен жарияланғаны үшін, сондай-ақ мақала авторларын CrossRef деректер базасында тіркегені үшін ақы төлеуі тиіс. Бекітілген баға прейскурантына сәйкес: мақаланы журналда жариялау үшін - 10 000 теңге, мақалаға DOI тағайындау үшін - 2000 теңге, әр авторды CrossRef мәліметтер базасында тіркеу үшін - 2000 теңге.
Жарияланым үшін ақы төленгені туралы түбіртекті автор PDF форматында журнал редакциясының электрондық пошта мекенжайына жібереді.
Журналдың редакциялық саясаты редакция алқасының отырысында мақұлданды (№ 1 хаттама, 25.01.2021 ж.).