Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар

- Онлайн тіркеу және онлайн мақала беру.

- Мақалада: атауы, кемінде 150 сөз және 300 сөзден аспайтын аннотация, түйінді сөздер, кіріспе, әдістеме, негізгі бөлім, талқылау, қорытынды, қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса), әдебиеттер тізімі қамтылуы тиіс.

- Мақаланың жалпы көлемі рефератпен және библиографиямен бірге авторлардың қысқаша мазмұны 5000 сөзден кем болмауы керек және 7000 сөзден аспауы керек. Шрифт 12 - Times New Roman, енін туралауаралығы – бір, шекаралары – қарапайым (абзац – 1 см, сол жақ – 3 см, оң жақ – 1,5 см, үстіңгі – 2 см, астыңғы – 2 см).

- Графиктер, суреттер, сызбалар, кестелер мақала мәтінде нөмір және атауы көрсетілуі қажет (Мысалы: 1-кесте - Кестенің атауы).

- Мақала ҒТАХР (Ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық рубрикаторы), Аңдатпа, Түйін сөздер, Негізгі бөлім, Әдебиеттер тізімі, Транслитерация, Авторлар жайлы ақпарат болуы қажет.

- Мақалалардың құрылымы келесідей болуы шарт: Кіріспе, Зерттеу әдіснамасы, Негізгі бөлімнің мазмұны ашылып көрсетілетін бөлімдер мен бөлімшелер, Қорытынды (Нәтижелер).

Шаблон қазақша 2024

Шаблон ағылшынша 2024

Шаблон орысша 2024

Мақаланы рәсімдеу ережелері

- Бірінші жолдың оң жақ тұсына ҒТАХР https://grnti.ru/ көрсетіледі (11 кегль)

- Бір жолдан кейін орта тұсына мақаланың ТАҚЫРЫБЫ үлкен әріптермен беріледі (12 кегль)

- Бір жолдан кейін бір интервал арқылы ортада қалың әріптермен автордың(лардың) аты-жөні, жұмыс орны, қаласы және елі көрсетіледі (11 кегль)

- Мақала тақырыбының астына қолжазбаның жазылған тілінде бір аралықпен Аннотация мен Түйін сөздер жазылады (11 кегль)

- Бір жолдан соң бір интервалмен екі тілде Аннотация мен түйін сөздер жазылады. Егер мақала орыс тілінде берілсе, қазақ және ағылшын тілдерінде, егер мақала қазақ тілінде берілсе, орыс және ағылшын тілдерінде, сондай-ақ мақала ағылшын тілінде болса, қазақ және орыс тілдерінде беріледі аннотация мен түйін сөздер беріледі. (11 кегль)

- Бір жолдан кейін бір интервалмен Кіріспе жазылады

- Мақаланың негізгі бөлімі құрылымды болуы қажет. Бөлімдердің арасы бір интервалда беріліп, әр бөлімнің Тақырыбы болуы шарт

- Негізгі бөлімнен кейін бір интервалмен Қорытынды (Нәтижелер) беріледі

- Кейін бір аралықпен Әдебиеттер тізімі және Transliteration беріледі.  Әдебиеттер тізімі «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері» стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық Кеңес қабылдаған (2003 жылғы 2 шілдедегі № 12 хаттама) ГОСТ 7.1.-2003 (http://docs.cntd.ru/document/1200034383) бойынша рәсімделеді.

 

Үлгі:

Әдебиеттер тізімі

1 Баадер В., Доне Е., Врендерфер М. Предмет и назначение философии истории. – М.: Колос, 1986. – 148 с.

2 Заварзин Г.А. Гуманитарное знание и моральные размышления // [Электронды ресурс] URL: https://ecologyandislam.wordpress.com/2010/01/03/an-islamic-approach-to-the-environment-ibrahim-ozdemir-ph-d/ (Қаралған күні: 01.02.2023)

3 Хамидов А.А. Мировозрение и философия // Адам әлемі. – 2020. – №3(85). – С. 19–31.

- Транслитерация: пайдаланылған (библиографиялық) әдебиеттердің латын әріптерімен берілген тізімі, егер әдебиеттер тізімі кириллицамен берілген болса, транслитерация жасау қажет.

 

Транслитерацияны мына сайт арқылы жасай аласыз: https://translit.ru/

 

Үлгі:

Transliteration

1   Baader V., Done E., Vrenderfer M. Predmet i naznachenie filosofii istorii [The subject and purpose of the philosophy of history]. – M.: Kolos, 1986. – 148 s. (in Russ)

2   Zavarzin G.A. Gumanitarnoe znanie i moral'nye razmyshlenija [Humanitarian knowledge and moral reflections] // [Jelektrondy resurs] URL: https://ecologyandislam.wordpress.com/2010/01/03/an-islamic-approach-to-the-environment-ibrahim-ozdemir-ph-d/ (Qaralgan kuni: 01.02.2023). (in Russ)

3   Hamidov A.A. Mirovozrenie i filosofija [World view and philosophy] // Adam аlemі. – 2020. – N 3. – S. 19–31. (in Russ)

 

- Төменде бір интервал арқылы

Автор(лар) жайлы ақпарат беріледі

 

Журнал талабына сәйкес рәсімделмеген мақалалар автоматты түрде кері қайтарылады.