ЮБИЛЕИ. ДАТЫ. СОБЫТИЯ

ТҮРКИЯ ЕЛІНДЕГІ МӘДЕНИ-ӨРКЕНИЕТТІК ДАМУ

Том 89 № 3 (2021), ЮБИЛЕИ. ДАТЫ. СОБЫТИЯ
Том 89 № 3 (2021)
2021-09-26 Кол. просмотров: 99
Dinara Zhanabayeva
Институт философии, политологии и религиоведения КН МОН РК e-mail: dinara.jan@bk.ru

Аннотация

2021 жылдың тамыз айында «Қазақстанның тұрақты даму стратегиясы контекстінде қоғамның мәдениеті мен құндылықтарын зерттеу» ғылыми бағдарламасы ауқымында Философия, саясаттану және дінтану Институтының бас директорының орынбасары Нысанбек Үлес және ғылыми қызметкерлер Д.М. Жаңабаева, А.Ж. Ержанова Түркия Республикасында іссапарда болып қайтты. Аталмыш іс-сапардың негізгі мақсаты мәдениет пен құндылық мәселесін зерттеу бағыттарын анықтап, тәжірибелерімен танысу болатын. Қазіргі таңда Түркия Республикасында қазіргі қоғамдағы мәдени, діни, азаматтық және ұлттық бірігейлік мәселелерін зертейтін бірқатар орталықтар мен ғылыми- зерттеу институттары бар.

Іссапар мақсатына сәйкес бағдарлама орындаушылары Стамбул қаласындағы «Ахмет Яссауи атындағы ғылыми қордың» негізін қалаушы Ис- метулла Яссауимен кездесіп, ғылыми ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, Анка- ра қаласында орналасқан «ANKASAM» дағдарыстық жағдайлар мен саясатты зерттеу орталығының президенті Мех- мет Сайфитдин Ерол, «Ахмет Яссауи» және «Ата» қорының басшысы Намык Кемал Зиябек, «SASAM» стратегиялық зерттеу орталығының директоры Месут Эмре Каракосемен кездесу барысында заманауи түркілік қоғамдағы мәдениет пен құндылықтарды зерттеу мәселесіне қатысты пікір алмасып, соңында аталмыш орталықтармен бірлесе меморандумға қол қойылып, ғылыми байланыс орнатылды.

Как цитировать

Zhanabayeva, D. (2021). ТҮРКИЯ ЕЛІНДЕГІ МӘДЕНИ-ӨРКЕНИЕТТІК ДАМУ. Адам әлемі, 89(3), 180–181. https://doi.org/10.48010/2021.3/1999-5849.16