ПОЛИТИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОСТИ

ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДАҒЫ РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЦИФРЛАНДЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ

Нөмір 90 № 4 (2021), ПОЛИТИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОСТИ
Нөмір 90 № 4 (2021)
2021-11-12 Қараулар саны: 548
Нуркен Айтымбетов
ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты e-mail: aitymbetov_nurken@mail.ru
Дамир Фазылжан
ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты
Ботакөз Шакеева
ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты

Кілт сөздер

цифрландыру, Қазақстан, Ресей, трансформация, интеграция, экономика, глобализация.

Аңдатпа

Мақалада әлемде орын алып отырған жаһандық тенденция саналатын цифрландыру үрдісі экономиканың дамуының қозғаушы күші ретінде қарастырылады. Қазақстанда қоғамдық өмірдің барлық саласына озық үлгідегі цифрлы техногияларды енгізу мен оларды дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Авторлар Ресей мен Қазақстан арасындағы екіжақты цифрландыру тәжірибесіне салыстыра отырып талдау арқылы цифрлық трансформацияның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтады. Посткеңестік елдер саналатын Ресей мен Қазақстанның экономикалық және мәдени интеграция саласындағы ортақ тәжірибесі ерекше маңызға ие. Осы мақсатта екі ел арасында цифрлық технологияларды қолдану мен дамыту бойынша қол жеткізілген келісімшарттар, стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарға талдау жүргізілді. Сонымен бірге цифрландыру саласын бірлесіп игеруге қатысты қоғамдық пікірдің қалыптасу ерекшеліктеріне шолу жасалынды.

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДАҒЫ РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЦИФРЛАНДЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ . (2021). Адам әлемі, 90(4), 97-105. https://doi.org/10.48010/2021.4/1999-5849.10