БИЛІКТІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Авторлар

  • Ербол Кумисходжаев ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Array
  • Айдана Ержанова Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Array

DOI:

https://doi.org/10.48010/aa.v28i1(107).816

Кілт сөздер:

билік, бағыну, айдаһардың символы, әлеуметтік теория, билік феномені, билік философиясы

Аңдатпа

Мақалада адамзат өркениетінің даму тарихында өзектілігін ешқашан жоғалтпаған биліктің трансформациясы және философиялық қырлары талданады. Автор билік ұғымының мәнін ашу арқылы оның қоғамдық институттар мен азаматтық-құқықтық қатынастар жүйесіндегі орны мен маңызын, сондай-ақ мемлекеттілік пен қоғамдық құрылымдар аясындағы рөлін сипаттайды.
Зерттеуде билік құбылысын талдаудың заманауи ғылыми-теориялық тәсілдері мен әдістері қолданылып, осы саладағы негізгі тұжырымдамалық проблемалар айқындалады. Мақалада биліктің институционалдық (формальды) және мазмұндық (құндылықтық, символдық) сипаттары кеңінен ашылады. Сонымен қатар, биліктің түрлері, феноменологиялық формалары мен мағыналық деңгейлері жүйелі түрде сипатталып, қазіргі заман жағдайындағы билік қатынастарын түсінудің ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады.
Зерттеу барысында биліктің ішкі құрылымын және оның саяси жүйелер мен әлеуметтік кеңістіктегі көріністерін талдау негізгі әдістемелік ұстаным ретінде ұсынылады.
Мақалада билікке объективті сипаттама беру арқылы қоғамдағы бағыну, әлеуметтік иерархия және өзара әрекеттестік қатынастардың қалыптасу тетіктері айқындалады. Сонымен бірге, билік туралы ұғым мен оның түрлері жөнінде ғылыми негізделген ақпарат ұсыну арқылы бұл ұғымның адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесіндегі орны мен ықпалы талданады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Философия: современная и историческая контекстуальность