Политика и политические проблемы

Авраам келісімдері және Таяу Шығыс аймағындағы саяси өзгерістер

Нөмір 28 № 1(107) (2026), Политика и политические проблемы
Нөмір 28 № 1(107) (2026)
2026-03-31 Қараулар саны: 37
Жандос Сарсенбеков
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Ардақ Монтаев
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Жулдыз Турекулова
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті e-mail: turekulova74@mail.ru

Кілт сөздер

Таяу Шығыс, Израиль, Араб елдері, Авраам келісімдері, қауіпсіздік, геосаясат, ынтымақтастық

Аңдатпа

Мақалада 2020 жылдан бастап бірқатар араб мемлекеттері мен Израиль арасында жасалған Авраам келісімдерінің алғышарттары, мазмұны мен мәні, сонымен қатар оның қазіргі кезеңдегі жүзеге асырылу барысы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – аталған келісімдердің Таяу Шығыстағы геосаяси үдерістерге, аймақтық қауіпсіздікке және ынтымақтастықтың жаңа форматтарының қалыптасуына ықпалын бағалау. Зерттеу барысында салыстырмалы-талдау әдісі негізінде аталған келісімдерге қатысты сыртқы акторлардың көзқарасы айқындалып, келісімге қосылмаған өзге араб мемлекеттерінің саяси ұстанымдарына талдау жүргізіледі. Зерттеу нәтижелері Авраам келісімдерінің түбегейлі жаңа дипломатиялық бастама емес, тараптар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған ұзақ жылдық күш-жігердің жалғасы және Израильдің аймақтық держава ретіндегі ұстанымын күшейтуге бағытталған қадам екенін көрсетеді. Сонымен қатар, келісімдер Америка Құрама Штаттарының тарапынан ұсынылған «Жаңа Таяу Шығыс» тұжырымдамасының жаңартылған нұсқасы ретінде қарастырылады. Араб-еврей қатынастарын реттеуде және аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесінде бірыңғай саяси ұстанымның қалыптаспағаны анықталады. Келісімдердің идеялық негізі бейбітшілікке қол жеткізудің басты тетігі ретінде өзара тиімді экономикалық байланыстарды дамыту қағидатына сүйенеді. Осы тұрғыда геоэкономикалық ынтымақтастық Таяу Шығыстағы геосаяси қарсыластықты төмендетуге бағытталған прагматикалық қадам ретінде бағаланады.

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Авраам келісімдері және Таяу Шығыс аймағындағы саяси өзгерістер . (2026). Адам әлемі, 28(1(107), 101-112. https://doi.org/10.48010/aa.v28i1(107).830