РЕЛИГИОВЕДЧЕСКИЕ И ИСЛАМОВЕДЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ

ҚАЗАҚ АЙТЫСЫНДАҒЫ «ДІН» ДИСКУРСЫ: ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ РЕТТЕУДІҢ МӘДЕНИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ

Нөмір 28 № 1(107) (2026), РЕЛИГИОВЕДЧЕСКИЕ И ИСЛАМОВЕДЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ
Нөмір 28 № 1(107) (2026)
2026-03-31 Қараулар саны: 46
Ақниет Жұбанышов
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті e-mail: akniet.zhubanyshov@gmail.com
Самал Каупенбаева
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жаңыл Мадалиева
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Дана Жаркимбаева
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Кілт сөздер

айтыс, дін, дискурс, имандылық, құндылық, қоғамдық сана, мәдениет

Аңдатпа

Бұл мақала қазақ айтысындағы «дін» дискурсын қоғамдық сананы реттеудің мәдени-философиялық негізі ретінде қарастыруға арналған. Көне айтыстар мен қазіргі айтыс мәтіндерінде дін тақырыбы діни жұмбақ, шариғи сұрақ-жауап, Құран аяттары мен хадистерге сүйенген уәждер, сондай-ақ имандылық пен адамгершілікке үндейтін уағыз-насихаттық шумақтар арқылы көрініс табатыны айқындалады. Діни айтыс, діни жұмбақтар мен айтыстың идеологиялық қызметі туралы еңбектер болғанымен, «дін» дискурсының дәл осы айтыс өлеңдері арқылы «дұрыс–бұрыс», «халал–харам» шекараларын белгілеу арқылы қоғамдық сананы қалай реттейтіні жүйелі түрде талданбаған. Осындай олқылықты толтыру мақсатында мақалада Шөже-Кемпірбай, Қабылиса-Таутан, Жүсіпбекқожа-Уәзипа айтыстары мен тәуелсіздік кезеңіндегі бірқатар айтыс мәтіндеріне мәтіндік, дискурстық және герменевтикалық талдау жүргізіледі. Әртүрлі айтыстардан алынған шумақтарға контент-талдау жасалады, сондай-ақ он айтыскер ақынмен тереңдетілген сұхбат материалдары сараланады. Мақалада алынған тұжырымдар айтысты тек фольклортанулық нысан емес, ұлттық діни сананы реттейтін құрал ретінде қарастыруға мүмкіндік береді және дін мен мәдениет, дәстүр мен жаңашылдық тоғысындағы зерттеулерге үлес қосады.

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ҚАЗАҚ АЙТЫСЫНДАҒЫ «ДІН» ДИСКУРСЫ: ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ РЕТТЕУДІҢ МӘДЕНИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ. (2026). Адам әлемі, 28(1(107), 178-189. https://doi.org/10.48010/aa.v28i1(107).857