РЕЛИГИОВЕДЧЕСКИЕ И ИСЛАМОВЕДЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ

ХАДИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚТАРДЫ ЖОЮДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН МЕТОДОЛОГИЯСЫ: ХАНАФИ МАЗҺАБЫ НЕГІЗІНДЕ

Нөмір 28 № 2(108) (2026), РЕЛИГИОВЕДЧЕСКИЕ И ИСЛАМОВЕДЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ
Нөмір 28 № 2(108) (2026)
2026-06-30 Қараулар саны: 8
Мұрат Омаров
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
Жоламан Бұлан
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті e-mail: jolamanbulan@gmail.com
Мақсат Құрманалиев
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Кілт сөздер

Ханафи мазһабы, хадис әдіснамасы, насх, таржих, жамғ, тасақут, усул әл-фиқһ, қарама-қайшылық

Аңдатпа

Мақалада ханафи мазһабының хадис әдіснамасындағы қайшылықтарды жоюға қатысты теориялық және методологиялық ұстанымдары кешенді түрде қарастырылған. Халықтың тарихи және рухани дүниетанымының өзегінде ханафи мазһабы тұрғаны мойындалады. Діни тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздік мақсатында деструктивті ағымға жол бермеуде ханафи мазһабының дәстүрлі дініміздің әдіснамаларын зерделеу бүгінгі күн тәртібінің басты қағидасы. Зерттеу жұмысы хадистер арасындағы қарама-қайшылықтардың пайда болу себептерін айқындап, оларды шешуде ханафи усул ғалымдарының қолданған негізгі төрт әдісін – насх, таржих, жамғ және тасақут/тауаққуф жүйелі талдауға арналады. Авторлар қайшылықтардың негізінен мәтіндердің түсу уақыты мен себебін білмеуден, тілдік ерекшеліктерді ескермеуден, риуаятшылардың жеткізу тәсілдерінен туындайтынын ғылыми негізде түсіндіреді. Ханафи ғалымдарының көзқарастары басқа мазһаб өкілдері мен мухаддистердің пікірлерімен салыстырылып, әдіснамалық айырмашылықтар нақты мысалдар арқылы ашып көрсетілген. Әсіресе ханафилердің «насх» пен «таржихқа» басымдық беріп, риуаятшының фиқһтық қабілетін басты өлшем ретінде қарастыруы мазһабтың ерекшелігін айқындайды. Зерттеу нәтижесінде ханафи мазһабының хадиске қатысты құқықтық ойлау жүйесінің жүйелілігі, дәлелдерге иерархиялық тұрғыда қарау ерекшелігі, сондай-ақ қазіргі діни-идеологиялық ахуалды реттеудегі өзектілігі көрсетілген. Бұл зерттеу жұмысы ислам құқықтануындағы методологиялық көптүрлілікті түсінуге үлес қосып, қоғамдағы діни қайшылықтарды шешуде практикалық мәнге ие.

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ХАДИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚТАРДЫ ЖОЮДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН МЕТОДОЛОГИЯСЫ: ХАНАФИ МАЗҺАБЫ НЕГІЗІНДЕ. (2026). Адам әлемі, 28(2(108), 261-274. https://doi.org/10.48010/px0jrj60