ҒҰЛАМАЛАР МЕН МЕМЛЕКЕТ ОДАҒЫ: МҰСЫЛМАН ӘЛЕМІНДЕГІ ДЕМОКРАТИЯ МЕН ДАМУҒА КЕДЕРГІ
DOI:
https://doi.org/10.48010/jh4yq323Аңдатпа
Зерттеуде мұсылман әлеміндегі авторитаризм мен әлеуметтік-экономикалық дамудың баяулауына ықпал еткен тарихи және институционалдық факторлар қарастырылады. Автор ислам дінінің табиғаты мен Батыс отаршылдығын негізгі себеп ретінде түсіндіретін тұжырымдарға балама көзқарас ұсынып, XI ғасырдан бастап қалыптасқан діни ғұламалар мен мемлекеттік билік арасындағы одақтың саяси және қоғамдық салдарын талдайды. Аталған институционалдық байланыстың зиялы қауым мен саудагерлер тобының дербестігіне, интеллектуалдық еркіндікке, демократиялық институттардың қалыптасуына және экономикалық дамуға ықпалы ашып көрсетіледі. Зерттеу дін, мемлекет және қоғам арасындағы өзара байланысты салыстырмалы-тарихи тұрғыдан зерделеуге бағытталған.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Ахмет Куру; Лаура Токтарбекова

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.