ОБЩЕСТВО. КУЛЬТУРА И ЦИВИЛИЗАЦИЯ

ӨРКЕНИЕТТЕР АҒЫНЫНДАҒЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІ

Нөмір 92 № 2 (2022), ОБЩЕСТВО. КУЛЬТУРА И ЦИВИЛИЗАЦИЯ
Нөмір 92 № 2 (2022)
2022-06-28 Қараулар саны: 701
Раймбек Зейнуллин
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті e-mail: zeinullin_96@mail.ru
Динара Жанабаева
Философия, саясаттану және дінтану институты

Кілт сөздер

түркі әлемі
номадизм
түркі-мұсылман Ренессансы
мәдениеттер сұқбаты
Ұлы Жібек жолы
кемел адам

Аңдатпа

Қазіргі әлемде мәдениеттер мен өркениеттер динамикасында елеулі өзгерістер болып жатыр: С.Хантингтонның суперөркениеттер қақтығыстары туралы тұжырымдамасы ХХІ ғасырдың шындығына сәйкес келмейді, мәдени әлемдерді оқшаулау және біріздендіру үдерістері («орыс әлемі», «еуропалық жол», «малайлық өркениет», «түркі әлемі» және т. б.) барған сайын маңызды бола түсуде. Мақаланың мақсаты «түркі идеясының» қалыптасуын, хронотоптарын және өркениеттік әлеуетін қарастыру. Осыған байланысты түркі халықтарының рухани жаңару жолдарын іздеу және одан әрі мәдени даму басымдықтарын қайта бағалау, бірегей және ерекше түркі этномәдениетінің іргелі рухани құндылықтарын сақтау болып табылады. Түркітілдес ойшылдар әрқашан адамның тұтас философиялық бейнесін қалыптастыруға ұмтылды. Орталық Азия ойшылдарының антропаорталықтық философиясы түркі адамының әлемдегі орнын және оның мәдениетке деген көзқарасын анықтайды, өзінің әлеуетті мүмкіндіктерін іске асыра отырып, ондағы «кемел адам» деген деген кім екендігін, киелі мен пенделінің арақатынасын және адам кім бола алады деген мәселені талдайды.

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ӨРКЕНИЕТТЕР АҒЫНЫНДАҒЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІ. (2022). Адам әлемі, 92(2), 83-92. https://doi.org/10.48010/2022.2/1999-5849.08