ФИЛОСОФСКИЕ И КУЛЬТУРОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОСТИ

Сыр ақындарының өмір мен өлім туралы ой-толғамдары

Нөмір 95 № 1 (2023), ФИЛОСОФСКИЕ И КУЛЬТУРОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОСТИ
Нөмір 95 № 1 (2023)
2023-03-30 Қараулар саны: 324
Баймырза Қожамберлиев
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
Болат Апенов
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті e-mail: apenov1977@mail.ru

Кілт сөздер

адамгершілік, адами болмыс, өмір, өлім, мақсат, адам

Аңдатпа

Мақалада Сыр сүлейлерінің адам болмысы, өмір мен өлімнің диалектикалық және үйлесімді ара-қатынасы жайындағы дүниетанымдық және философиялық ой-толғамдарына отандық және әлемдік ойларын салыстыру арқылы талдау жасалынады. Сонымен бірге қазіргі заман тұрғысынан өмір мен өлім мәселесінің өзектілігі қарастырылған. Әсіресе, адам болмысы, адамның шынайы мәні туралы ақындардың философиялық ой-толғамдарының терең мағынасы ашылады. Өмір мен өлім мәселесі адамзат тарихында ой-толғамдардың басты тақырыбы болды. Бұл мәселелер ХІХ және ХХ ғасырлардағы Батыс философиясында да ең өзекті мәселе ретінде қарастырылғанын атап өту қажет. Батыс ойшылдарынан ерекшелігі Сыр ақындары өмір мен өлім арасындағы байланысты диалектикалық қарама-қарсылық ретінде емес, бір-бірін ұғымдық және мәндік мағынада толықтыратын құбылыстар ретінде түсінеді. Сыр ақындарының ой-толғамдарына талдау жасала отырып, қазіргі қазақ қоғамы үшін оның өзектілігі мен маңыздылығы аталап өтіледі.

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сыр ақындарының өмір мен өлім туралы ой-толғамдары . (2023). Адам әлемі, 95(1), 43-50. https://doi.org/10.48010/2023.1/1999-5849.05