ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫН ОНОМАСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ СТАНДАРТТАУ НЕГІЗДЕРІ

Авторлар

  • Қыздархан Рысберген А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Array
  • Дана Пашан А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Array
  • Зүбайра Садырбаева А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Array
  • Назира Бармешова А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Array

DOI:

https://doi.org/10.48010/2022.2/1999-5849.14

Кілт сөздер:

ономастика, стандарт, вариант, транслитерация, ономастикалық стандарттау

Аңдатпа

ҚР қолданыстағы ономастикалық атаулар,­ оның ішінде еліміздің жер-су атаулары, аты-жөн­деріміз – ұлттық және мемлекеттік тұтастығымызды айқындайтын басты факторлардың бірі. Тәуел­сіздік алған жылдардан бері оно­мастикалық атаулардың мазмұнын ұлт­тандыруға бағыт­талған көптеген іс-шара атқарылды. Солай бола тұра, әлі  де шешімін таппаған мәселе көп. Соның бірі – стандарттау мәселесі. Ресми құжаттар мен бейресми құжаттарда бірнеше вариантта тек қана адам есімдері емес, жер-су атаулары да жазылып жүр. Осы мәселені қарастыру барысында ономастикалық стандарттау жүйесі бойынша дамыған елдердің тәжірибесі қарастырылды. Еліміздегі ономастика саласына қатысты заңдар, тұжырым, бағдарламалардағы нақты міндеттерді жүзеге асыру барысына тоқталдық. Себебі жазуымыз латынграфикалы әліпбиге өткенге дейін осы мәселелерді шешу басты міндет болып отыр. Латын әліпбиі енгізілген сәтте стандартталған ономастикалық атауларымыз халықаралық, әлемдік ақпараттық кеңістікке еш кедергісіз енсе, ономастика саласындағы біршама мәселе шешілген болар еді.

Автор өмірбаяны

  • Қыздархан Рысберген, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

    филология ғылымдарының докторы, Ономастика бөлімінің меңгерушісі

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-28

Журналдың саны

Бөлім

ПОЛИТИКА. СОЦИУМ